Құшақтасу-бұл денсаулық. Олар иммунитетті көтереді, жүйкені тыныштандырып, ұйқыны түзейді, адамға күш беріп, жасартады және ешқандай кері әсері жоқ. Құшақтасу дегеніміз-керемет әсер ететін өте қарапайым нәрсе, табиғи, органикалық, дәмі тәтті, химиялық қоспасыз, табиғи таза және жүз пайыз пайдалы. Құшақтасу-.өмірдің бар жағдайында адал, кіршіксіз, қайтарымсыз, қарымтасыз, риясыз, әр адамға қажетті ең керемет сый.
Құшақтасу тозбайды, оның қуаттағышын ауыстырмайды, несиеге алмайды. Ол инфляцияға түспейді, оған салық салынбайды, оған денең үйреніп кетпейді, одан семірмейді.
Құшақтасу—таусылмайтын сиқырлы құдыретті күш. Адамдардың құшағы мен шын ықыласын ашып, оларды бізге қарап үлгі алуына ықпал етеміз.
Барлық жақсы көретіндеріңізді ойлаңыз. Мүмкін Сіз оларға айтатыныңыз бар шығар, немесе жай құшақтасқыңыз келетін шығыар? Біреудің шақырғанын күтпеңіз. Алғашқы қадамыңызды бастаңыз.
Еркек пен әйел бір-бірімен байсалды да адал көңілмен сөйлесе алатын ең жақсы психологтар. Егер адам өз ет жақынымен ашық сөйлесіп және болған жағдайды анықтағысы келсе, ана керемет ақылды психологиялық жағдайлар қажет емес. Саған не қажет, маған керегі не, немен өмір сүресің, мен қалай өмір сүремін, менен саған не керек, сенен мен не күтемін?- бұл арадағы қарым-қатынастағы қиыншылықтар мен кедергілерді шешетін қарапайым ғана сұрақтар. Осыларды айту үшін батылдық жасау керек.
Үзілген үмітің ойға сыймайтын шақта,
Жолың болмай, тарыққан шақта,
Үндемеуді тастан үйрен.
Шыдамдылықты жерден үйрен.
Айғай-шу көтергендерден қорықпа-үндеместен қорық. Сарқырама деген не? Ол көрініп тұр. Бәлеге үшырататын тартпалы батпақты жерден сақтан. Аю ырылдар ескертеді ,ал зұлым сілеусін үнсіз…Және бізді күннің күркіреуі өлтірмейді, тыныш жай оты мерт етеді.
KAZAKBOL.COM