Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қарағанды облысында карантинге байланысты жабылған ауылдың жағдайы (фото)

KAZAKBOL.COM

Соғым сойып, ірі қараның етін жеп жазатайым екі бірдей тұрғынынан айырылған Еркіндік ауылының қақпасы кешелі бері жабулы. Бет-жүзі қымтап, қолдарына қолғап киген мамандар, ауылдан бір кісіні аттап шығартпайды, сырттан ешкімді кіргізбейді.

Жеті бірдей тұрғыны кеселге тап болып, оның екеуі көз жұмған ауылдың жағдайын NUR.KZ тілшісі біліп қайтты.

Тіпті 33-жастағы қызынан айырылған Ғабиден Ахметовке көрші-қолаң ағайыны тура қызыл ала қақпа алдында көңіл айтуда. Қызының мəйітіне емес, құранды да бір уыс топыраққа оқытып жатыр.

Ал үш күннен бері айналаға үрейлене қарап, ет жеуден қорқып қалған бұқараның билік өкілдеріне өкпесі қара қазандай. Өйткені соғым сойып етін таратқан отбасына жақын тұратын көршілеріне ғана дəрі-дəрмек беріліп жатқан көрінеді. 700 тұрғыны бар ауылдықтар «екпе алып, дəрі ішу үшін де, індетті жұқтыруымыз керек пе» деп қапалы.

«Менің төрт балам бар. Ауылда екі адам өлді. Ауру тек еттен жұатынына кім кепілдік береді? бізге де тап беруі мүмкін. сондықтан, облыстағы мамандар бүкіл жұртқа бірдей екпе егіп, дəрі берсін», — дейді Еркіндік ауылының тұрғыны Тілеухан Мұқашев.

Қазір ауылда карантин жарияланғалы алдын-алу шаралары жүргізіліп жатыр. Алайда мамандар ауылға қанша дəрі-дəрмек əкелінгенін жəне малға қанша екпе егілгенін айтпады.

Марқұмның әкесі

Тек ірі қараның сараптама қорытындысының алғашқы нұсқасы шығыпты. Халықтың «Сібір жарасы» деген күдігі де расталыпты.

«Бірақ нақты шешімі емес, ауылда жағдай қалыпты», — дейді Шет ауданы əкімінің орынбасары Мұхит Мұхтаров.

Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров

Ал екі адамның өліне соқтырған малдың етін жеген, сойысқан адамдарға күніне төрт дəріден яғни таңертең екеуін, кешке екеуін ішкізеді екен.

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарағанды облысында бір отбасы сойған соғым екі адамның ажалына соқтырды. Ірі қара малдың етін жейміз деп ажал құшқандардың жасы не бәрі 33-те, екіншісі 49-да болыпты. Қара жамылған жақындары ауылда соңғы жылдары ветеринарлық жұмыстар жүргізілмегенін және он бес күннен бері қалаға ем іздеген науқастарға еш ем-дом қонбағанын айтады.

Аяқ асты көз жұмған Кәкен Қажыкеновтің жесірі қайғылы оқиғаға ақ халаттыларды айыптайды. Дереу Шет ауданынан қалаға жеткізілген науқасты бір де бір аурухана қабылдамады деп отыр.

Қарағанды облыстық ветеринарлық зертханасы Шет ауданы Еркіндік ауылында сойылған мал етін тексеріп, онда Сібір жарасы болғанын растады.

Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM