Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан ауған қыз-келіншектерін оқыту бағдарламасын қайта жалғастырады

KAZAKBOL.COM

Астана ауған қыз-келіншектерін оқыту бағдарламасын жалғастыруға дайынбыз деп мәлімдеді.

«Бұл бағдарламаны қаржыландыру үшін ауған билігі мен Еуроодақ келісімге келді. Жақын күндері бағдарлама қайта жалғасатын болады», — деді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров. Ауған әйелдерін оқытуға қанша грант бөлінетіні жөнінде ол нақты айтпады.

19–20 қаңтарда Брюссельде Орталық Азия мен Еуропалық одақтың Ауғанстан бойынша үшінші отырысы өтті.

СІМ-нің арнайы тапсырмасы бойынша елшісі Талғат Қалиев Қазақстанның ауған халқына көмек көрсетуді жалғастыра беретінін айтып, елдегі жоғары оқу орындары ауған студенттеріне білім беру бағдарламасына белсенді қатысатынын жеткізді.

Былтыр ауған билігінде отырған тәліптер белгісіз мерзімге қыз-келіншектерге мемлекеттік және жеке университеттерде білім алуға тыйым салған. Тәліптер билікке келген соң, әйелдер құқығына шектеу қойылмайды деп уәде берген. Бірақ уәдесінде тұрмады.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап жоғары оқу орындарында әйелдер мен ер адамдар бөлек оқитын болды. Әйелдерге жүзін толық жабатын киім киюді міндеттеді. 20 жыл бойы жұмыс істеп келген әйелдер ісі жөніндегі министрлік жойылды.

2019 жылы Еуропалық одақ Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдеріне ауған қыз-келіншектеріне білім беру бағдарламасы бойынша 2 млн еуро бөлген. 2021 жылдың қыркүйегінде Алматыға білім алу үшін ауған қыз-келіншектері келу керек болған. Бірақ билікке келген «Талибан» қозғалысы оларға тыйым салды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM