Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Cайлау нәтижесіне қарсы митингіге шықпақ болған журналист Думан Мұхаммедкәрім 25 күнге қамалды

KAZAKBOL.COM

Сайлау нәтижесін мойындамайтынын айтып, митингіге шығатынын жариялаған журналист Думан Мұхаммедкәрім 25 тәулікке қамалғаны хабарланды.

Бұл туралы журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов Facebook желісінде жазды. Адвокаттың сөзінше, журналисті Әкімшілік кодекстің «Бейбіт митинг өткізу ережесін бұзу» бабы бойынша қамаған. Думан Мұхаммедкәрімнің қамалғанын жақтастары журналист Динара Егеубаева мен белсенді Әлнұр Ильяшев те хабарлады.

Сот пен ресми органдар журналистің қамалғанына қатысты әзірге ақпарат таратқан жоқ.

Мәжіліске кандидат болған Думан Мұхаммедкәрім кеше, 20 наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, жұртты бейбіт наразылыққа шақырған еді. Жиында ол «мені митингіге шығарғаным үшін осыған дейін 15 тәулікке қамаған, осы жолы 30 тәулікке қамауы мүмкін. Бірақ мен қорықпаймын» деген еді.

Кейін ол Youtube желісіндегі «Не дейді?» каналына да видео жариялап, 21 наурызда Алматыдағы орталық алаңға барып, митингіге шығатынын тағы мәлімдеген.

Youtube каналында билікті сынайтын видео жариялап жүрген журналист мәжіліс сайлауына кандидатурасын ұсынаған, бірақ аумақтық сайлау комиссиясы Думан Мұхаммедкәрімнің тұрақты тіркеуі дұрыс емес деп кандидатурасын тіркемеген. Кейін ол сотта жеңіп, кандидатурасы тіркелген.ОСК нәтижесі бойынша, Мұхаммедкәрім мәжіліске өтпеді.

Думан Мұхаммедкәрім былтыр 12 қазанда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен «халықты 25 қазанға митингіге шақырып, бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айып бойынша 15 тәулікке қамалған еді.

19 наурызда Қазақстанда мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Мәжілістегі 98 орынның 69-ы пропорционал әдіспен 7 саяси партия арасында бөліске түсті. 20 жылда алғаш рет бір мандатты 29 округтен мажоритарлық әдіспен сайлау болды. Ресми дерек бойынша, бұл орындарға 600-ге тарта кандидат таласты. Сайлау қорытындысы бойынша мәжіліске алты партия өтті. Басым орынды биліктегі «Аманат» партиясы алмақ. Бірмандатты округ арқылы мәжіліске өткен 29 депутаттың 23-і — биліктегі «Аманат» партиясының мүшесі.

Халықаралық бақылаушылар жаңа өзгеріс біршама бәсеке тудырғанын атап өтті. Сайлауды бақылаған ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясы «сайлау саяси өмірге бәсеке әкелгенімен, әртүрлі әкімшілік кедергілер әлі бар» деп мәлімдеді. Сайлауға өз-өзін ұсынған бірнеше кандидат дауыс беруді мойындамайтынын жариялап, сотқа шағымданды.

Қазақстанда жұрт бейбіт митингіге шығу үшін әкімдіктерге алдын ала ескерту беруі тиіс. Ескертілмеген митингілер заңсыз деп танылып, ұйымдастырушылары я қатысушылары жазаланады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM