Қытайдағы Шэньчжен қаласында оқудың жылының алғашқы күнінде балабақша меңгерушісі бүлдіршіндер алдында стриптиз билеп берді. Мекеме басшысының бұл қылығы ата-аналардың ашу-ызасын келтірген. Олар білім басқармасына ерсі әрекет көрсеткен әйелді жазалауды талап еткен деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға орнынан видеоны журналист әрі жазушы Майкл Стэндерт өзінің «Twitter»-дегі парақшасына жүктеп қойған. Анықталғандай ер аламның балалары аталмыш балабақшаға барады.
Мекеме меңгерушісінің биінен кейін ашуға булыққан ата-аналар балаларының психологиялық жарақат алуы мүмкін екенін айтып ашынды.
Әдетте стриптиз билейтін бағанаға асыла кеткен келіншек өз әрекетін қарапайым би алдындағы жаттығу екенін айтып түсіндірген.
Балабақша әкімшілігі меңгерушінің әрекеті үшін ата-аналардан кешірім сұрап, ерсі қылық танытқан келіншекті жұмыстан шығаратындарына сендірген.
KAZAKBOL.COMMore from the opening day of our kids’ kindergarten. Crazy. We’re trying to get them out of there and get our tuition back. They also had a bunch of adverts out for a pole dancing school. Most likely paid the principal to put them up. pic.twitter.com/fgU946hFwn
— Michael Standaert (@mstandaert) 3 сентября 2018 г.