Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АПАТТЫ ЛИФТ ӘБІГЕРГЕ САЛДЫ

KAZAKBOL.COM

Жұрттың есін шығарған жетелсаты проблемасы басқаны айтпағанда бас қала Нұр-Сұлтанның өзінде шешімін таппай тұр. 700-ден астам пәтерге бар-жоғы 12 ақ лифт. Оның жартысы бір жылдан бері істемей тұр. 25 қабатта тұратын тұрғындар үйіне кіру үшін сағаттап кезек күтуге мәжбүр екендерін айтады. Айтпақша, күні кеше астанадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлады деген ақпарат тарады. Оқиға қайда болған? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Біз қазір Елордадағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндеміз. Нақтырақ айтсақ, 25 қабаттан тұратын бұл үйде 4 бірдей лифт бар. Алайда, шын мәнінде 2 ғана жеделсаты халыққа қызмет көрсетеді. 230-дан астам пәтері бар үйдің тұрғындары лифтті сағаттап күтеді екен. Ірі қалалардағы азаматтар діттеген жеріне жетуге көлік кептелісіне түспес үшін, алдын-ала 1-2 сағат бұрын қамданса, мына көпқабатты үйдің тұрғындары да пәтерлерінен ерте шығуға мәжбүр. Себебі, әр қабаттағы сыйымдылығы 7 адамды құрайтын жеделсатымен түсу мұң. Тіпті, адам толы лифттер жол ортасында тоқтап қалатын жәйттер де көптеп тіркеледі екен. ЖАСҰЛАН МЫРЗАЛИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Лифттің тоқтағаны рас ия. Кейде 1 сағаттан артық тоқтайды. Тұрамыз ішінде күтіп. Лифтовый компания сервис келгенше. Кейде 5 этажда, кейде 7 этажда тұрып қаламыз. 1 этажда тұрып қалуымыз мүмкін. Адам санына байланысты. Бұл лифт 7-8 адам көтерудің орнына ары кетсе 5 ақ адам көтеретін шығар». Жалпы, бұл 25 қабатты 3 тұрғын үйде бас-аяғы 700-ге жуық пәтер бар. Әрқайсысында 4 жеделсатыдан болғанымен, іс жүзінде тек екеуі ғана жүмыс істейді. Қалғандары бірнеше жылдан бері тұралап қалған. Сондай-ақ, тұрғындар арасында «ажал сатысы» аталып кеткен лифтіде адамдар есігіне қысылып, мертіккен жағдайлар да тіркеліпті. ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: “Бұл лифттің істемегеніне 1 жылдан асты. Адам қысылып қалған жағдайда сразу өздігінен ашылмайды. Қысып қалады. Ол лифт өте қатерлі. Былтыр да Атырау да, Ақтауда туындаған. Анасы баласының көзінше қаза тапқан жағдайлар болған» Ия, мұндай жағдайлар да болған. Бір емес бірнеше рет. Еске сала кетейін, қайғылы жағдай өткен жылдың 5 сәуірінде Ақтөбеде тіркелген. 28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісамат лифттің есігіне қысылып 3 жасар қызының көзінше қайтыс болған еді. Дәл осындай жағдайдың күнделікті жанын шүберекке түйіп үйіне кіріп-шығатын тұрғындар қайталанғанын қаламайды. АЙДЫН СОЛОТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «27-28 не октябрьдың түнгі сағат 1-ден 4-ке дейін тоқтап қалды. Кісілер ұйықтаған жоқ. Сол уақытта қатты дауыстар естілді».

Ал, күні кеше Нұр-Сұлтандағы пайдалануға жуырда ғана берілген тұрғын үйдің жеделсатысы құлады деген ақпарат тарады. Дереу көрсетілген үйге бардық. Жауапты компания лифттің троссының үзілуіне байланысты авариялық жағдай орын алғанын растады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. ЛИФТІГЕ ЖАУАПТЫ КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ: «Бұл оқиға 22 қазанда болды. Сол күні жеделсатының тросы үзіліп, авариялық жағдай тіркелді. Ары қарай, олқылықты жөндеу үшін біраз уақытқа лифттің жұмысы тоқтатылған еді. Пәтер иелері кооперативі арқылы тұрғындарға қаржы жинау керектігі де айтылды. Сондықтан, ақша қашан жиналады, сол кезде жеделсаты жұмыс істейтін болады. Қазір, Елордада барлығы 7 мыңға жуық жеделсаты бар. Оларды күтіп-баптауға 70 компания жауапты. Алайда, проблемадан әбден мезі болған тұрғындар мердігердің жұмысына көңілдері толмайды. Сондықтан, «апатты лифттер» мәселесінің тезірек шешілгенін қалайды.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM