Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бұлт арасында пайда болған адам бейнесі тұрғындардың зәре-құтын қашырды (фото, видео)

KAZAKBOL.COM

Бұлт арасында пайда болған адамның бейнесі. Фото: strangesounds.org

Замбиядағы Китве қаласында оқыс жағдай орын алды. Дәл супермаркеттің үстінде бұлт арасынан пайда болған алып адамның бейнесі жұрттың зәре-құтын қашырған. Бұл туралы NUR.KZ порталы strangesounds.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұзындығы кемінде 100 метрді құрайтын алып гуманоидтық бейне екінші наурыз күні байқалып, шамамен жарты сағаттай көрініп тұрған. Замбияның жергілікті тұрғындары мұны Жаратушының ескертпесі деп біліп, қорыққаннан қаша жөнеліпті. Кейбірінің бұл жайтты фотоға түсіріп алуға батылы жеткен.

«Біз бұл бейнені көргенде шошып қалдық. Ол отыз минут бойы аспаннан бізге қарап тұрғандай болды. Кейбірі оған табынып, тізерлей кетсе, енді бірі қаша бастады», — дейді куәгерлердің бірі.

Дегенмен желі қолданушыларының дені бұл жайтқа сенбестік білдіруде. Олар отыз минут бойы тұрған бұл бейнені неге екі адам ғана фотоға түсірген деген сауал тастады.

Видео: Bigbang news

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM