230 шақырым тас жолды жөндеу жоспарланып отыр.
Батыс Қазақстан облысында биыл «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» тас жолының 27 шақырымын қалпына келтіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Бұл мақсатқа «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 5,5 млрд теңге бөлінді.
Мердігерлік ұйымнан атап өткендей, нысанды пайдалануға мерзімі – 2018 жыл. Бұған дейін шекара бойындағы тас жолдың 100 шақырымы жөнделеді.
«Аталған автожолда бз алғаш рет жаңа технологияны пайдаландық. Себебі ол ұзаққа шыдайды. Нысанды пайдалануға бергеннен кейінгі кепілдік мерзімі – 5 жыл. Осы уақыт аралығында біз жолды өз есебімізден жөндейміз», — деп атап өтті «Uniserv» ЖШС бас инженері Николай Кандполо.
Жұмыстың барысын Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов тексеріп шықты. Аймақ басшысы жол төсемінің сапасына ерекше көңіл бөлді.
Биыл БҚО-да 230 шақырым тас жолды жөндеу жоспарланып отыр.
Фото:zovzakona.org