Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Садыр Жапаров: «Аю» арақ шығаратын компания мемлекет меншігіне өтті

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 14 сәуірде «Кабар» мемлекеттік басылымына тағы сұқбат беріп, бұл жолы «Аю» компаниясы мемлекет меншігіне өтетінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы елде алкоголь өнімдер шығаратын ең ірі өндірістердің бірі «Аю» компаниясын салықтан жалтарды деп айыптады. «Баяғы әдістер артта қалғанын айтып, адал жұмыс істеңдер, акциздерді қолдан жасамаңдар деп ескерттік. Бізге ақша емес, бюджетті толтыру керектігін айттық. Олар тыңдамады. Бұрынғысынша миллиондап салық төлемеді, акциздерді қолдан жасады. Сөйтіп 12 мың жалған акцизбен ұсталды. Контрабандалық спит шығарды, 275 тоннамен ұсталды. Осының бәрі 40 миллион сомға (шамамен 500 мың доллар) бағаланды. Арақ-су зауыты заң аясында тәркіленіп, мемлекетке өтеді. Енді арақ пен суды мемлекет өндіреді», — дейді президент.

«Аю» компаниясының өкілдері президент Садыр Жапаров мәлімдемесіне жауап бермеді.

«Аю» компаниясын Тыныбек Исаев басқарады деп көрсетілген. Компанияның өзі «АЮ қауымдастығы» холдингіне қарайды. Оны Қырғызстандағы ең бай адамдардың бірі, экс-депутат Шаршенбек Абдыкеримов құрған. Холдингке тағы 20-дан аса компания кіреді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM