Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бүркіттің фильмінде басты рөлді сомдаған сұлу актрисалар неге жаға жыртысты?

KAZAKBOL.COM

Танымал әнші Бүркіттің «Логово» деп аталатын жаңа фильмінде басты рөлді сомдайтын қос актриса түсірілім кезінде өзара келіспей, жанжал шығарды деп хабарлайды НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Танымал әнші Бүркіт Бүркіт кинопродюсер әрі режиссер ретінде дебюттік картинасын көрермен талқысына салды. Көпті «Логовонаның» прокаттағы тағдырынан гөрі басты рөлдегі екі сылқымның неге тіл табыса алмағандығы толғындырғандай.

Кинода құрбыларды сомдайтын Айым мен Айлиннің ортасын қандай «қара мысықтың» кесіп өткені көпке қызық. Сөйтсе бойжеткендер тұрмыстық заттарды бөлісе алмай жүз шайысып қалған екен.

«Қыздар арасында ондай болып тұрады. Екеуміз бір комнатада тұрдық, түсінбеушілік болып қалды арамызда. Бірақ кешірімді адамбыз ғой, бір-бірімізден кешірім сұрадық, барлығы дұрыс…», — дейді Айым Алтынбекова.

Кіл жас әрі танылып үлгермеген актерлық құрамға бұл кикілжің кері әсерін тигізбей қоймаған.

«Әрине әсер етеді. Өйткені, бірінші кезекте ұйымшыл болу керекпіз»,  — дейді ол.

Бүркіт тырнақалды туындысының прокаттағы табысы қандай боларын күтпестен тағы бір картина таспалаудың қамына кіріскен.

Дебюттік жұмысы үшін азды-көпті сын естіген әнші кері пікірлерге деген иммунитетінің берік екенін шегелеп айтты.

«Дайынбыз ғой біз, он бес жыл болды ғой сахнада жүргенімізге. Естіп үйреніп қалғанбыз. Сондықтан да бәрі жақсы болсын», — дейді Бүркіт.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM