Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БАҚ: Каримоваға тиесілі делінген Гонконгтағы пентхаус 68,4 млн долларға сатылған

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның тұңғыш президенті, марқұм Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримова мен оның серіктеріне қатысы бар делінген Гонконгтағы The Arch деп аталатын пентхаус 68,4 миллион долларға сатылған. Бұл туралы Газета.уз сайты канадалық The Globe and Mail басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, пентхаусты 2008 жылы Гүлнара Каримоваға байланысы бар екені айтылып жүрген Zeromax компаниясы 36,5 миллион долларға сатып алған. Үш айдан кейін ол Rudolph Alliance атты офшор компанияға арзандатылған бағаға қайта сатылған. Аталған компанияның негізін қалаушы қатарында Каримованың бұрынғы күйеуі Рустам Мадумаров басқаратын Гонконгтағы Expoline компаниясы көрсетілген.

The Globe and Mail басылымының жазуынша, бірнеше елде жүрген тергеу істері де, Гүлнара Каримованың 2013 жылы сотталуы да, ірі көлемдегі қаржы қозғалысын тоқтатқан емес. 2016 жылы The Arch пентхаусына иелік еткен және Рустам Мадумаров бақылауындағы компания оны 68,4 млн долларға қайта сатқан.

Осыған дейін Гүлнара Каримованың женевалық адвокаты Грегуар Манжа «Каримованың Zeromax компаниясына қатысы бар екенін теріске шығарып келген.

2015 жылы өзбек соты Гүлнара Каримованың бас бостандығын бес жылға айыратын үкім шығарған. Бірақ 2019 жылы ол абактыға ауыстырылды.

2020 жылдың наурызында Каримова «Мемлекет қаражатын талан-таражға салу», «Өзбекстан мүддесіне сәйкес келмейтін келісімдер құру» және «Өзгенің мүлкін иелену»баптары бойынша айыпты деп танылып, 13 жыл 4 айға сотталған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM