Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БАҚ: Түркия жағалауында қазақстандық мұнай тиеген танкерлер кептелісі пайда болды

KAZAKBOL.COM

Түркия жағалауында Қазақстан мұнайын тиеген танкерлер кезегі пайда болды деп хабарлады халықаралық басылымдар.

Financial Times сүйенген Reuters жазуынша, Ресей мұнайына белгіленген баға шегі күшіне енген күні яғни, 5 желтоқсанда Анкара барлық тасымалдаушылардан сақтандырылғаны жөнінде жаңа құжат сұраған. Соған байланысты кезек пайда болған.

Bloomberg жазуынша, 18 млн баррель мұнай тиеген кемінде 20 танкер бірнеше күннен бері Босфор және Дарданелла бұғаздарынан өте алмай тұр.

«Біреуінен басқасының бәрі Қазақстан жүгін тиеген және жергілікті порт есебінде кемелердің сақтандыру мәртебесін анықтауды күтіп отырғаны жазылған» деп жазды агенттік.

Ақпаратқа қарағанда, Түркия үкіметі тасымалдаушылардан сақтандыру компаниясының хатын талап етіп отыр. Мұндай қадам Еуроодақ Ресей мұнайына эмбарго енгізгеннен кейін жасалып отыр.

Bloomberg’тің жазуынша, кезекте тұрған танкерлер шығысында Оңтүстік Корея мен Үндістан, батысында Панамаға дейін кеңістікте мұнай тасымалдайды. Бірақ көбі Ресейдің танкерлік мұнайына тыйым салған, бірақ Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы терминалдан қазақстандық мұнайды импорттауға рұқсат еткен Еуропаға арналған.

Қазақстан билігі әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді.

Бұған дейін Еуроодақ, «Үлкен жетілік» елдері мен Австралия Ресейдің танкерлік мұнайының баррелін 60 доллардан асырмауға келіскен. 5 желтоқсаннан бастап Еуроодақ елдері, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Жапония және Австралия Ресейдің танкерлік мұнайын 60 доллар немесе одан да төмен бағаға алғандарға ғана қызмет көрсете бастаған. Осылайша олар Кремльдің соғысқа жұмсап отырған бюджетін шектегісі келеді.​

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM