Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

БАҚ: Шавкат Мирзияев мемлекеттік сапармен Қазақстанға келмек

KAZAKBOL.COM

Фото: centralasian.org

2017 жылдың бірінші жартысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзбек әріптесін арнайы шақырған деп хабарлайды centralasian.org.

Ташкенттегі қазақстандық дипломатиялық қызметтің хабарлауынша, сапар барысында стратегиялық әріптестік мәселелері талқыланады.

«Өткен жылдың аяғы мен 2017 жылдың басында екі жақты қарым-қатынас белсенді дами бастады. Соған байланысты, шешілуі тиіс көптеген сұрақтар туындады. Осы орайда, екі мемлекет басшысының кездесуі өте өзекті болып отыр» , – деді Өзбекстандағы Қазақстан елшілігіндегі дереккөз.

Бұған қоса жақын уақытта тағы бірқатар екі жақты кездесулер мен сапарлар жоспарланған. Атап айтқанда, Қорғаныс және әскери-техникалық әріптестік жөніндегі жаңа министрлік өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация Өзбекстанға сапарлап барады. Ұлттық темір жол операторлары делегациялары да кездеседі.

Елшілік мәліметі бойынша, биыл екі ел арасында ресми сапарлар көп болады.

Бұған дейін хабарланғандай, Шавкат Мирзияевтің Өзбекстан президенті ретіндегі алғашқы сапары Ресейге жасалады. Өзбекстан мемлекет басшысының Ресейге сапарына дайындық басталып кетті.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM