Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы бір жанжал болды

KAZAKBOL.COM

4 қарашада Қырғызстанның Баткен облысында тәжік әскері қырғыз шекарашысына шабуыл жасады: олар оның көлігіне тас лақтырып, ұстауға тырысты. Бұл жөнінде Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің шекара қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметіне қарағанда, қырғыз шекарашысы Лейлек ауданының Арка-Борбордук транзит трассасында жеке көлігімен келе жатқан. Жанар-жағармай станциясына жақын маңнан бұрылған кезде тәжік сарбаздары күш көрсеткен.

«Тәжікстанның бес әскери қызметкері қырғыз азаматының көлігіне тас лақтырды. Одан бөлек, Қырғызстан әскери қызметкерін ұстауға әрекеттенді, бірақ онысынан түк шықпады» делінген ведомство хабарламасында.

Тәжікстан жағы әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді. Қырғызстан және Тәжікстан шекара қызметінің өкілдері аталған оқиғаны талқылайды деп хабарланды.

Жалпы ұзындығы 970-980 шақырым қырғыз-тәжік шекарасының бүгінде тек 519 шақырымы ғана демаркацияланған. Екі ел арасында жерге, суға талас жиі байқалады. Кей уақытта қару қолданылып, адам өліміне дейін ұласады.

Биыл сәуір айының соңында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған қантөгістен кейін екі мемлекеттің топография топтары бірнеше рет кездесіп, хаттамаға қол қойған. Әзірге Бішкек пен Душанбе құжаттарды жариялаған жоқ. Алайда шілде айында кейінгі үш кездесу нәтижесінде екі тарап шекараның 40 шақырымы бойынша келісімге келгені хабарланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM