Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Байден өзге елдерге АҚШ-та мақұлданған вакцинаның 20 миллион дозасын жібереді

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Джо Байден маусымның соңына дейін өзге елдерге коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде 20 млн дозасын жібереді.

Байденнің сөзіне қарағанда, ол жаққа АҚШ-та мақұлданған Pfizer/BioNTech, Moderna және Johnson & Johnson вакциналары жеткізілмек.

Осыған дейін АҚШ AstraZeneca-ның 60 млн дозасын да вакцина зәрулігі мәселесімен кезігіп отырған елдерге жібермек болған. Бірақ Американың дәрі-дәрмекке жауапты ресми орыны аталған екпені әзірге мақұлдамаған.

“Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Американың демократия арсеналы болған сияқты коронавируспен күрес кезінде де еліміз вакцина арсеналына айналды” деді Байден.

Ол өзге елдерге қарағанда АҚШ-тың әлдеқайда көп вакцинаны шетелге жіберетінін атап өтті.

Дүйсенбі күнгі ақпарат бойынша, АҚШ-та 272 млн-нан астам адамға Covid-ке қарсы вакцина салынған және 340 млн доза таратылған.

Халықтың ересек бөлігінің 60 пайыздан астамы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. Бұл әлем бойынша жоғары көрсеткіш. Халықаралық ұйымдар Байденді көптен бері өзге елдерге вакцина жіберуге шақырып келеді, бірақ ол бұған дейін әуелі АҚШ-тың өзінде індеттің бетін қайтарып алайық деп жауап берген болатын.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM