Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Байден Еуропаға сапары кезінде Путинмен кездесудің сәті түсер деп үміттенеді

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Джо Байден маусым айында Еуропаға сапары кезінде ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесудің сәті түсіп қалар деп үміттенеді.

«Осылай болады деп үміттенемін және күтемін. Соған күш салып жатырмыз» деді Байден 4 мамыр күнгі коронавирус ахуалына арналған баспасөз жиыны кезінде журналистерге.

Президент қызметіне кіріскелі бері алғаш рет шетелге жасағалы отырған сапарында Байден «Үлкен жетілік» (G7) елдерінің басшыларымен кездесуді жоспарлап отыр. G7 саммиті 11-13 маусымда Ұлыбританияда болады. Саммиттен соң Байден 14 маусымға белгіленген НАТО саммитіне қатысу үшін Брюссельге ұшады. Ол жақта ЕО – АҚШ конференциясына да қатысады деп айтылады.

Сәуір айында Байден Путинге екі ел арасында қордаланып қалған мәселелерді (Украинаға төнген қауіп, SolarWinds америкалық компьютерлерге кибершабуылы, Ресей билігінің оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды түрмеге жіберуі) талқылау үшін үшінші елде кездесуді ұсынған.

Путиннің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков екі президенттің кездесуін ұйымдастыру бойынша шаруалармен айналысып жатқанын хабарлады. «Маусымда дейді, тіпті нақты күні де белгіленген» деді Ушаков.

Өткен айда Ресей Вашингтонның он ресейлік дипломатты елден шығарып, санкцияны күшейткеніне «жауап ретінде» АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігінің он қызметкерін «персона нон грата» деп жариялаған. Санкция Кремльдің АҚШ-қа қарсы әрекеті үшін жазалау талпынысы ретінде бағаланған.

Байден Ресейдің қастық жасағаны анықталса, қатаң жауап беретінін бірнеше рет ескерткен. Бірақ ортақ мүдделер алаңында (мысалы, ядролық қарудың таралуы, ғаламдық климаттың өзгеруі, Иранмен ядролық келісім, Солтүстік Корея мәселесі және Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту) Мәскеумен әріптестік орнатуға дайын екенін де жеткізген.

3 мамырда Лондонға сапары кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтон Мәскеумен қарым-қатынасының «тұрақты, жоспарлы» болғанын қалайды, бірақ ақыр соңында бұл қарым-қатынастың сипаты Кремльдің саясатына қарай анықталады деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM