Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Байден Ирактағы америкалық әскерін шығаратынын мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Джо Байден 2021 жылдың соңына дейін Иракта америкалық әскер өзінің миссиясын аяқтайды деп мәлімдеді. Байден бұл мәлімдемесін Ирак премьер-министрі Мустафа әл-Казымидің Вашингтонға сапары аясында жасады.

«Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымға қарсы күресте Ирак билігімен әріптес орнату аймақтағы тұрақтылық үшін өте маңызды болды деді Байден.

Ол ирак премьеріне америкалық әскер миссиясын аяқтағанымен, әріптестік жалғаса беретінін айтты.

Бүгінгі күнге дейін Иракта АҚШ-тың шамамен 2500 әскері бар.

Вашингтон осыған дейін Ауғанстаннан 11 қыркүйекке дейін әскерін толық алып кету жөнінде шешім шығарған.

АҚШ президенті Таяу Шығыстағы терроризммен күресті тоқтатпайтынын айтып, бірақ негізгі назарды Қытайға бұратынын мәлімдеді. Вашингтон қазір АҚШ үшін Қытай әрекеті қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп есептейді.

Ирак прмьер-министрімен келіссөз кезінде АҚШ президенті коронавирусқа қарсы вакцина жіберуге уәде етті.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM