Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Байден Шыңжаңдағы қуғын-сүргін үшін Қытайға шара қолдануға уәде берді

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдеуінше, Шыңжаңдағы мұсылмандарды қудалау жөніндегі Қытай саясаты үшін Пекинге «шара қолданылады».

Байден президент қызметіне кіріскелі бері алғашқы кездесуін Милуокидегі (Висконсин штаты) сайлаушылармен өткізді. Жүздесуде сыртқы саясат мәселелері де сөз болды.

«Қытайға шара қолданылады, ол бұны біледі», — деді Байдан, Қытай лидері Си Цзиньпинді сөз етіп.

Си Цзиньпин Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және ислам дінін ұстанатын басқа да ұлт өкілдерін «қайта тәрбиелеу лагерлеріне» мәжбүрлеп жібергені үшін әлемдік қауымдастықтың сынына ұшырады.

Пекин жабық мекемелерді «кәсіби дайындық орталықтары» деп атап, онда адамдарға радикал идеялардан арылуға көмектеседі деуден танбай отыр.

«Қытай әлем лидері болуға талпынып-ақ жатыр. Мұндай мәртебеге жету үшін ол басқа да елдердің сенімінен шығуы тиіс. Адамның басты құқықтарын бұзатын әрекеттерінен бас тартпаса, мұндай мақсатқа жету қиын болады», — дейді Байден.

11 ақпанда Байден қытай басшысы Си Цзиньпинмен екі сағат телефонмен сөйлесіп, сол кезде Пекиннің адам құқықтарын сақтамай отырғанына алаңдайтынын айтты. Байден қытай билігінің Гонконгтегі демократияшыл белсенділерді басып-жаншығанын да сөз етті.

Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары таратқан мәліметке қарағанда, Си Цзиньпин АҚШ-қа Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтытастығы, соның ішінде Гонконг және Шыңжаң мәселелерін қозғағанда абай болуын ескерткен.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM