Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Байден: Украинаға басып кіру Ресей үшін «апатпен пара-пар» болады

KAZAKBOL.COM

Ресей Украинаға басып кірсе, «апатқа» кезігеді, Владимир Путин мұндай жағдайда «өмірі көрмеген» Батыс санкциясына ұшырайды. Сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихаты кезінде АҚШ президенті Джо Байден осылай деп мәлімдеді.

Байден Ресей басқыншылық жасаса, не болатынын түсіндірді. Ондай жағдайда мысалы, Ресей банктері доллармен операция жасаудан қалады.

Байденнің айтуынша, Ресейдің Украинамен салыстырғанда әскери мүмкіндігі көп және қақтығыс болса, жеңіске жетуі де ықтимал. Алайда оның қысқа және ұзақмерзімдік салдары болады.

Байденнің ойынша, Владимир Путин Украинаға операциядан бас тартпайды, бірақ ірі қақтығыстың болғанын да қаламайды. АҚШ президенті Кремльге Батыстың жауабы Ресейдің Украинаға қарсы әрекетінің ауқымы мен салдарына байланысты болатынын сездірген.

Ресейдің Украинаны НАТО-ға алмау туралы талабына тоқталған Байден Украина жақын арада одаққа мүше бола алмайды – Ресей үшін емес, одаққа мүше болуға дайын емес болғандықтан деді.

Кейінгі кезде Батыс елдерінде Ресей Украинаға басып кіреді деген болжам күшейе түскен. Бұл әсіресе Украинамен шекарада Ресей әскері нығайып, Женева мен Брюссельде тараптар арасындағы келіссөз нәтижесіз аяқталған кезде ұлғайып отыр.

Жұма күні Женевада АҚШ мемлекеттік хатшысы Ресей сыртқы істер министрімен кездеседі. Ресей СІМ Мәскеу Украинаға басып кіруге дайындық жасап жатқан жоқ деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM