Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Байланысшылар «Сенімді қабылдауды» қамтамасыз етуге дайын


Атырауда Халықаралық Армия ойындарына дайындық аясында «Сенімді қабылдау» байқауына қатысу үшін әскери қызметкерлерді іріктеу басталды.

Іріктеу кезеңінде әскери байланысшылар өздерінің далалық дайындықтарын, қазіргі заманғы радиостанциялар мен аппараттық кешендерде жұмыс істеу қабілеттерін көрсетулері керек.

Қатысушы команда сегіз адамнан тұрады. «Сенімді қабылдау» және «Сенімді тарату» кезеңдерінде әскери байланысшылар арнайы жабдықталған сыныпта телеграф кілтін қолдана отырып радиограммаларды қабылдайды және таратады. Қараңғы уақытта «Радио бағдарлау» кезеңі өтеді, әскери қызметшілер портативті радио бағыттағыш көмегімен тексеру нүктелерін іздейді.

Іріктеудің маңызды кезеңі «Әскерилендірілген эстафета» деп аталады, мұнда командалық штабтык байланыс көлігін құру және арнайы нормативтерді орындау қажет.

Байқаудың соңғы кезеңінде — «IT-құрылымның жабдықтарында жұмыс жасау» барысында әскери байланысшылар жартылай муфталарды оптикалық кабельге қосып, дәнекерлеп, оптикалық талшықтардың сөнуін өлшейді.

«Бұл байқауға мен екінші рет қатысып отырмын. Бір жыл бойы теориялық білімімді шыңдап, кәсіби шеберлігімді арттырдым. Өз алдыма Қарулы Күштердің құрама командасына кіру мақсатын қойып отырмын», — дейді бөлімші командирі сержант Ринат Жупканаев.

Іріктеу нәтижелері бойынша Қарулы Күштердің чемпионатына қатысу үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы құрылатын болады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM