Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бас прокурор Қаңтар бойынша айыпталған генерал Серік Күдебаев ұсталғанын растады

KAZAKBOL.COM

Бас прокурор Берік Асылов Қаңтар бойынша айыпталған генерал, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ұсталғанын растады.

– Толық ақпарат айта алмаймын. Ұсталғанын білемін. Түркиядан жеткізілді, – деді 27 сәуірде журналистердің сұрағына жауап берген Берік Асылов.

Қаңтар оқиғасы кезінде «әрекетсіздік танытты» (ҚК 370-бабының 4-бөлігі) деп айыпталған Серік Күдебаевтың елден қашып кеткені туралы хабар наурыздың аяғында тараған. Бұған дейін сот оған халықаралық іздеу жариялаған. Талдықорған соты «генерал-майор қазақ-қырғыз шекарасын 23 наурызда кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен» деп болжаған.

Ізнше Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі «Серік Күдебаев мемлекеттік шекарадағы ресми пункттер арқылы өткен жоқ, ол Алатау асып өткен болуы мүмкін» деп мәлімдеген.

ҰҚК төрағасының орынбасары – шекара қызметінің төрағасы Ерлан Алдажұманов «арнайы топ генерал-майор Серік Күдебаев шекараның қай жерін кесіп өткенін анықтап жатыр» деп мәлімдеген.

Күдебаев заң орындарынан қашып, көрші елдің аумағына заңсыз өткеннен кейін Қырғызстанда да мемлекеттік шекарадан заңсыз өту туралы қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Бұған қоса, Түркияның құқық қорғау органдарына [Күдебаев туралы] сұрау жолданды деп хабаралды Қазақстан Бас прокуратурасы.

Алматы облысы полиция департаментінің 58 жастағы бұрынғы бастығы Серік Күдебаев – Қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылған құқық қорғау қызметкерлерінің бірі. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысындағы комендатураға жауапты болған Күдебаев 2022 жылы 18 ақпанда «өз еркімен» қызметінен кеткен. Кейін Қазақстан Бас прокуратурасы аты-жөнін атамай, күш құрылымдарының бірнеше өкілі «Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстық полиция және ҰҚК департаменттері ғимараттарын тастап кеткені үшін» күдікті деп танылғанын айтқан.

Прокурор жарыссөзде «билік өкілетін асыра пайдаланды» деп айыпталған Күдебаевты 9 жылға соттауды сұраған. Адвокаттары сотта Күдебаев қайда екенін білмейтінін айтқан. Бұған дейін адвокаттары генерал ауруханаға түскенін де хабарлаған. Олардың сөзінше, Күдебаевтың жеке клиникаға түскенін дәлелдейтін құжаттары болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM