Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

БАСПАНА МА, ЗЕЙНЕТАҚЫ МА?

KAZAKBOL.COM

Әрекет қылмасақ, кедейлер қатарын еселеп өсіріп аламыз. Сарапшылардың болжамы осы. Зейнетақы жүйесін жедел жетілдіру керек дейді. Бір ай уақыт қалды, ұсыныс әлі дайын емес. Зейнетақы салымдарын баспана алу үшін қолдануға мүмкіндік беретін жоба төңірегінде 30 адам әлі бас қатырып жүр екен. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары мәлім етті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Үкімет пен ұлттық банк біраз шаруа атқарып, зейнеатқы жүйесінің тиімділігін арттыруы қажет. Бүгінде жұмыс істеп жүрген адам зейнетақы жинақтарын пайдалана алмайды. Оны тек зейнетке шыққан кезде ғана алуға рұқсат бар. Бірақ ол ақшаның зейнетке дейін пайдаланамын дейтін адамды да түсінуге болады. Сондықтан үкіметке жылдың соңына дейін жұмыс істейтін адамдардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын».

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Оны қараймыз әлі біз. Азаматтарымыз қанша қаржы жинады, ол жете ме, жетпейме, соны қарап, жылдың соңына дейін Үкімет пен Ұлтттық банк бірігіп, ұсыныстар енгіземіз. Оны әлі ешкім білмейді, жаңа ғана берілген тапсырма».

Арада 3 айға жуық уақыт өтті. 30 адамнан тұратын жұмыс тобы әлі де жауап айтуға дайын емес.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Әлі шешілген жоқ. Жұмысшы тобы, мен айттым сіздерге, жұмысшы тобы қазір жұмыс істеп жатыр. Жылдың аяғына дейін біз ұсыныс береміз. Сол ұсыныста айтылатын болады».

Ұзақ ойланып, көп толғанатын жайы да бар. Оны еңбек министрінің жауабынан аңғардық. Айтуынша, қазір ақшаны баспанаға жұмсап, кейін бармақ тістеуіміз мүмкін дейді. Пәтерге жетер қаржыны қордан сарп ету үшін салымның көлемі жоғары болуы керек. Яғни, келешектегі бағдарлама мұқтажға емес, бай-бағланға бағытталып кетпей ме деген сұрақ туындайды.

БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
«Президенттің тапсырмасы осы мәселені пысықтап, зерделеп, ұсыныс енгізу. Сондықтан бұл, сіз айтқандай, мына кісілерге болады екен, басқаларға болмайды екен деген ешқандай шешім, ұстаным, жоба жоқ. Қазір бұл зерделеніп жатыр. Ұсыныс жылдың аяғына дейін болады. Сол ұсынысқа қарай шешім қабылданады».

Қазір зейнетақы қорында 10 трлн теңгедей жинласа керек. Министр есебіне қарағанда 70 процент салымшының жинағы 1 млн теңгеден аспайды. Жартысы 500 мыңнан да төмен. Сарапшылардың болжамы тіптен түңілдіреді. Еңбекке жарамды 30 процент адам қорға қаржы аудармайды. Оларды потенциалды кедей деп атап жүр. Жарна аударудан жалтарып жүргендерді де түсінуге болады, дейді. Сенім аз. Бір шеті инфляция, бір шеті, қаржыны қалай болса солай жұмсап жатқандардың әрекеті. Әзірбайжан банкіне салған инвестиция қайтарылады дегенімен, көптің көкейінде әлі күдік басым.

БАҚЫТЖАН САРКЕЕВ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖОБАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:
«Отыз пайызы олар тіпті қамтылмаған. Ол қамтылмаған себебі неде? Ол біздің азаматтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімі жоқ. Егер осы жағдай қала беретін болса, онда осы үштен бірі одан сайын кедейлене береді екен. оның үстіне Үкімет атап өтті 2 млн адам кедейлік деңгейінде тұр деді».

Зейнетақы жүйесін реформалаудың нұсқалары жан-жақтан айтылуда. Бір мемлекеттік қордан бас тартып, бірнеше жеке қор болуы керек дейді. Ал аударым жасауда Сингапурдан үлгі алу қажет дегендер бар. Оны жақында ғана Президент қабылдауында болған Олжас Құдайбергенов айтуда.

ОЛЖАС ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ЭКОНОМИСТ:
«Жүз мың теңге төлеймін десе, үстінен 37 мың теңгедей салық төлейді. Біз соны кеміту керек деп айтып жатырмыз. 32-33 мыңға дейін. Сол 32 мыңның ішінен 2 мыңы ол табыс салығы болады. Қалғаны зейнетақы төлемдері болады. Соның ішінен 10 мыңы Жилстройсбербанкке кетуі керек».

Сарапшыларға сенсек, 5 жылда баспанаға қажет бастапқы жарна, 45 жасқа дейін баланың оқуына керек қаражат жиналады екен. Қазір басты мақсат, зейнетақы жүйесіне деген жоғалған сенімді қайтару дейді.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM