Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Батыс Қазақстан облысында ірі кәсіпкер 117 қызметкерін миллионер етті

KAZAKBOL.COM

Батыс Қазақстан облысында ірі кәсіпкерлердің бірі өз кәсібін еңбек ұжымының иелігіне өткізді.

Батыс Қазақстан облысында ірі кәсіпкерлердің бірі Барлық Меңдіғазиев өз кәсібін еңбек ұжымының иелігіне өткізді деп хабарлайды NUR.KZ порталы «Уральская неделяға» сілтеме жасап.

Мұндай жағдай Қазақстан тариxында алғаш орын алып отыр. Меңдіғазиев «KSS» ЖШС кәсіпорнын қарапайым жұмысшыларға беруге қатысты барлық заңдық үдерістерді соңына жеткізуді толығымен заңгер Жангелді Сүлейменовке тапсырған деп хабарлады ҚазАқпарат.

Барлық пен оның зайыбы Нұрия өз кәсіптерін 20 жыл бойы дамытып келді, қазіргі уақытта ол бірнеше бағыттар бойынша кәсіпкерлікті дөңгелетуде.

«KSS» ЖШС кәсіпорны 40 миллион долларға бағаланып отыр. Барлық пен Нұрия осы жылдары өздерімен бірге болған адамдарға аталмыш кәсіпорынды тегін иелікке берді. Бас директор болудан бас тартқан кәсіпкер 117 қызметкеріне кәсібін бөліп беріп, 29  ақпан күні Ақсай қаласында өз қызметінен кетті.

Батыс Қазақстан облысында ірі кәсіпкер 117 қызметкерін миллионер етті

Осылайша кәсіпорынның жүргізушілерінен бастап, аспазына дейін миллионерге айналып отыр. Заңгердің айтуынша, мұндай тәжірибе әлі елімізде орын алған емес.

«Жеке басым, Қазақстанда осыған ұқсас нәрсенің орын алғанын білмеймін. Шет мемлекеттерде мұндай кездесіп жатады, бірақ біздің елде бұл тұңғыш рет болып жатыр», — деп атап өтті Сүлейменов.

Заңгердің сөзіне қарағанда, Барлық көп жылдар бойы мұқтаж адамдарға көмектесумен келеді. Ол жетімдер үйінің бүлдіршіндеріне үлкен көмек көрсетуге ынтық.

 


 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM