Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында бокстан ашық біріншілік өтті

KAZAKBOL.COM

 

Ақтау қаласында үшкүндік бокс чемпионаты аяқталды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогы үшік өткен сайыста сегіз салмақ дәрежесі бойынша 70-тен астап былғары қолғап шеберлері өзара күш сынасты.

 

Ақтау қаласында үш күнге созылған «Батыс» өңірлік қолбасшылықтың бокстан ашық біріншілігі өтті. Аталмыш сайыста Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері шаршы алаңға шықты. Боксшылар өздерінің әскери бөлім құрамалары атанан қатысып, 56 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг, 91 кг дейін және 91 кг-нан жоғары салмақ дәрежелерінде сынға түсті. Бұл чемпионат ережелері толықтай АIВА шарттарына сәйкес өткізілген болатын.

Сайыс барысы болса, бақталастық пен бәсекелестікке толы болып шықты. Бақ шаба ма, әлде бап шаба деген көрермендер, нағыз өр мінезді боксшыларың әсерлі кездесулерінің куәгерлері бола алды. Чемпионаттың нәтижесі бойынша, жалпыкомандалық есепте жергілікті 25744 әскери бөлімінің теңіз жаяу әскерлері иеленді, екінші орынды 30238 әскери бөлімі алса, бейнеулік 99116 әскери бөлімі үшінші орынды қаңжығаларына байлады.

Өңірлік қолбасшылықтың спорт және дене тәрбиесі қызметінің бастығы Қанат Махамбетовтың айтуы бойынша: «Отан қорғап, сапта жүрген әр әскери қызметші өз-өзіне қорған болып, намыста қолдан бермеуі тиіс. Ал бокс болса, қайсарлық пен табандылықты баулыйтын нағыз әскери спорт түрлерінің біріне жатады. Бокс спортының басты артықшылығы, әскери қызметшілердің шаршы аланда жүріп өз-өзіне бекім болуға үйретуінде болып отыр».

Бүгінгі күні бокс, барлық әскери спорт түрлерімен қатар жылдан жылға қарыштап дамып келе жатыр. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін осы бір чемпионат та, осының дәлелі болуда. Соңғы жылдары өткен біріншіліктермен салыстырғанда бәсекелестік пен спорт сүйер қауымның құштарлығы артуда. Бұның басты себебі, әскери бөлімдердегі толық жағдайдың жасалуында болып тұр. Осы күні әскери бөлімдерде спортпен шұғылдану үшін материалдық база да, бос уақытта қарастырылған. Онымен қоса, бөлім командирлерінің барлығы дерлік, спортшы жауынгерлерге әрдайым қолдау көрсетіп, демеу беріп отырады. Ал бұл өз кезегінде, әскери спорт түрлерінің бұқаралық сипатқа ие болуына әкеліп соқтыруда.

По итогам чемпионата, первые номера весовых категорий будут готовиться к чемпионату Вооруженных Сил, который пройдет в марте этого года в Астане. Отметим, что Чемпионат по боксу среди военнослужащих был организован при поддержке управления физической культуры и спорта акимата Мангистауской области.

Бокс біріншілігінің нәтижесі бойынша, әр салмақ дәрежесінің жеңімпаздары қатарынан өңірлік қолбасшылық құрамасы іріктелеп, наурыз айында Астана қаласында өтетін Қару Күштердің біріншілігіне дайындық жүргізіледі.

В региональном командований «Запад» прошел чемпионат по боксу
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
В региональном командований «Запад» прошел чемпионат по боксу
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
В региональном командований «Запад» прошел чемпионат по боксу
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
В региональном командований «Запад» прошел чемпионат по боксу
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
В региональном командований «Запад» прошел чемпионат по боксу
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»

 пресс-служба Управление командующего войсками

 регионального командования «Запад»

старший лейтенант Рустем  Игисинов

 

Контакты: 60071, 87776411172

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM