Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында қауіпсіздік шаралары бойынша кешенді дайындық сабағы өтті


«Батыс» өңірлік қолбасшылығында генерал-майор Нұрлан Алдияровтың бастауымен қауіпсіздік ережелерін жеткізу және жазғы кезеңге көшуге орай жеке құрамға штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы салтанатты түрде табыстау және бекіту кешенді сабақтары өткізілді.

 

Кешенді сабақтың барысында жеке құрамның күнделікті әскери өмірдегі және жауынгерлік дайындық барысында жарақат алу қаупі бар жағдайлар қарастырылды. Әскери бөлімдердегі осындай іс-шараларды әр оқу кезеңі басталғанға дейін жылына екі рет өткізіп отырады.

— Сабақты сапалы өткізу мақсатында жеке құрамның арасында жарақаттану және қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілерін алдын-алу үшін жауынгерлік дайындық сабақтары кезінде, жауынгерлік машиналар паркінде және күнделікті әскери өмірдегі әр түрлі іс-қимыл алгоритмін көрсететін он бір оқу орының әзірледік. Әсіресе әскери техникаға қызмет кқрсету, атыс жаттығулары мен улы жәндіктерден қорғану мәселелері мен алғашқы медициналық көмек беруге зейін қойдық, — деді өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғауды бөлімінің бастығы подполковник Владимир Горячев.

Кешендік сабаққа барлық санаттағы әскери қызметшілер, сондай-ақ азаматтық персонал да қатысты.

Сондай-ақ, оқу кезеңі басталар алдында әскери бөлімдерде жас толысымдағы жеке құрамға олардың қару-жарағы мен әскери техникасын салтанатты түрде табыстап, оларға бекіту рәсімі өткізілді.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM