Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында штабтың үздік офицері анықталды

KAZAKBOL.COM

Атырау қаласында Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдері өкілдері арасында «Тактикалық деңгей штабының үздік офицері» байқауы өтті.

 

Офицерлер өздерінің дене дайындығының деңгейін, жалпы әскери жарғылар мен әскери топографияны білуі керек еді. Сонымен қатар, қатысушылар байланыс құралдарын пайдалану, тактикалық, жұмылдыру және арнайы дайындық бойынша сынақтар тапсырды.

— Жарыс офицерлердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Тұрақты жаттығулар мен штабтық дайындықтың арқасында штаб офицерлерінің дайындық деңгейі жылдан жылға артып келеді», — дейді подполковник Анвар Буриев, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының аға офцері.

Жарыс қорытындысы бойынша Атырау гарнизонының 41433 әскери бөлімінен капитан Азат Бекбусинов жеңімпаз атанды. Офицерге өңірлік әскерлер қолбасшысының ауыспалы кубогы және дипломы табысталды.

Айта кетсек, штаб – әскерлерді басқаруға арналған және олардың жауынгерлік және күнделікті қызметін реттейтін басты органы болып табылады.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM