Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Байқоңырда апаттан кейін алғашқы «Союз» кемесі ұшырылды

KAZAKBOL.COM

Байқоңыр ғарыш айлағынан халықаралық ғарыш станциясына үш ғарышкері бар «Союз» кемесі ұшырылды. МКС-58/59 ғарыш экспедициясының негізгі экипажы құрамында ресейлік ғарышкер Олег Кононенко, канадалық астронавт Давид Сен-Жак пен америкалық ғарышкер Энн Макклейн бар.

Бұл 11 қазан күні Байқоңырдан ұшқан «Союз МС-10» кемесі апатқа ұшырағаннан бергі ғарышқа көтерілген ең алғашқы кеме. Кеменің ұшырылуынан «Роскосмос» тікелей эфирде хабар таратып жатыр.

Қазанның 11-і күні Байқоңырдан «Союз МС-10» кемесін тіркеп ұшқан «Союз-ФГ» зымыран тасығышы апатқа ұшыраған. Әуеге көтерілген соң көп ұзамай апаттық жүйе іске қосылып, соның арқасында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг отырған капсула Байқоңырдан шамамен 500 километр қашықтыққа қонған. «Роскосмос» мәліметінше, апатқа зымыранның бірінші және екінші басқышын ажырататын датчиктің ақауы себеп болған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM