Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Баян Есентаева: Отандық шоу-бизнесте қызтекелер жетіп жатыр

KAZAKBOL.COM

Баян Есентаева соңғы кездері әлеуметтік желілерде үлкен дауға ұласқан Ерболат Беделханның «91» тобына қатысты сынға Instagram парақшасында өз дәйегін келтірді.

«Мәселе бұл топта емес, әркім өзінше дараланғысы келеді. Бәріне бір өлшеммен, біржақты қарауды доғару керек. Біздің қоғамда қызтекелер бар, шоу-бизнесте де олар жетерлік. Енді солардың бәрін атып тастау керек пе? Неге нағыз «батыл» сыншылар осы тақырыпты көтермейді, бұған келгенде, бәрі де үндемей қоя салады. Олар да өзгеше адамдар, ешкімге ұқсамайды. Біз бәріміз де — өзгешеміз. Өзінің ерекшелігін көрсетуге әркімнің құқығы бар!», — деді Есентаева микроблогында.

Баян Есентаева: Отандық шоу-бизнесте қызтекелер жетіп жатырФото: Instagram

Продюсер бұл ойын «91» тобын жақтап жазған ғаламтор қолданушысының пікіріне сүйене отырып білдірген еді.

«Сіздер «91» тобына дейін өмір сүрген жоқсыздар ма сонда? Жастар сонда кімді тыңдау керек? Сіздердің үлгі тұтатын, тойдың әнін айтатын әншілеріңізден жүрегім айниды. «91»-ді ұнамаса, тыңдамай-ақ қойыңыздар. Әркімнің талғамы әр түрлі», — деп жазған еді әлеуметтік желі қолданушысы.

Источник: Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM