Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бейнеуде жүздеген теміржолшы жалақыны көбейтуді талап етіп, ереуілдетті. ҚТЖ «ақша жоқ» дейді

KAZAKBOL.COM

1 тамызда Маңғыстау облысындағы Бейнеу станциясында 300-ге жуық теміржолшы жұмысын тоқтатып, ереуліге шықты. Олар жалақыларын екі есе көбейтуді талап еткен. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ-тар жазды. Наразылар жалақыны көбейту мәселесі шешілмей, басшылық назар аудармай отырғанын айтқан.

«Жұмысшылардың сөзінше, ең аз жалақылары — 180 мың теңге. Олар рельс жөндейтін ауыр жұмысқа бұл еңбекақы сай емес деп санайды. Былтырдан бері басшылыққа бірнеше рет арыз жазған жұмысшылар енді ел президентінен көмек сұрайды» деп жазады mangystaumedia.kz.

Сайттың жазуына қарағанда, жұмысшылар заңды талаптары орындалмаса жұмысты тоқтататынын мәлімдеген.

«Қазақстан теміржолы» компаниясы 1 тамызда жариялаған мәлімдемесінде Бейнеу станциясындағы мәселені шешумен шұғылданып жатқанын айтқан. ҚТЖ баспасөз қызметі «келісім комиссиясы құрылып, жұмысшылардың кейбір заңды талаптарын қанағаттандыратын іс-шаралар қабылданғанын» хабарлаған. Алайда жалақыны екі есе көтеру туралы талаптарын қаражат жетпейтіндіктен орындалмайтынын ескерткен.

Баспасөз қызметінің сөзінше, ҚТЖ табысы тарифтерге байланысты. Ал компанияның былтырғы табыстарының бәрі жалақыны көбейтуге жұмсалған.

«Компания өз қызметкерлерімен ашық диалог жүргізіп, жағдайды құқық негізде шешу үшін барлық шараны қабылдайды», – дейді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM