Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бекболат Тілеухан: Ауылшаруашылық жерлері шетелдіктерге ешқашан сатылмайды

KAZAKBOL.COM

«Қазақ елінің басты байлығы саналатын жеріміз шетелдіктерге ешқашан сатылмайды».

Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Бекболат Тілеуханның пікірі осы деп хабарлайды Астана арнасы.

«Бұл заңмен бекітілген, менің де азаматтық пікірім осыны қуаттайды», — деді депутат. Ал «маңызды мәселеге қатысты саясаткер жақ ашпады» деген айыптауларға Бекболат Қанайұлы «жер, тіл, дін тақырыптары тым нәзік келеді, сондықтан бұл тұрғыда асығыс пікір білдіруге болмайды» деп жауап берді.

«Бірдеңені істемес, айтпас бұрын ойланып алады, ал істеп, айтатынын айтып болып ойланғаннан пайда жоқ. Сондықтан бұл жерде лап беріп, бірдеңені айта салуға да болмайды. Бірақ бір анық нәрсе бар. Жер ешқашан сатылмайды. Ауылшаруашылығы жері заңда да сатылады деген жері жоқ. Жалға беріледі 25 жылға, түсіндірмесінде айтты ғой, Бауыржан Смағұлов айтты, Мамытбеков те айтып жатыр. Жер жалға беріледі, жердің иесі болуы керек, ол дамуы керек. Бірақ шетелдерге сатылады деген адам ақылына сыймайтын нәрсе», — дейді парламент мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Бекболат Тілеухан.

Еске сала кетсек, осыған дейін еліміздегі ауылшаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайтынын Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков де мәлімдеген еді.



KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM