Жер сату немесе оны жалға беру мәселесіне қатысты Бекболат Тілеуханов өз пікірін екіұшты жазбасымен жеткізді.
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Күні кеше жер сату мәселесі сөз болғанда, халық қана емес, өнер адамдары да өре түрегеліп, халық пен билік арасында байланыс орнатуға тырысқан-ды. Енді міне парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханов твиттер парақшасында екіұшты жазбамен пікір білдірді.
“Халқымның маxаббаты маған өте қымбат. Ал, елімнің амандығы мен жұртымның тыныштығы одан да қымбат! Таңдауымды түсінші, асыл алашым!” – дейді Тілеуханов.
Бұл жазбаның сырын желі қолданушылары түрліше түсінген-ді.
Естеріңізге сала кетсек, парламент мәжілісінің депутаты осы уақытқа дейін жердің сатылмайтындығы туралы айтқан болатын.
Таңдауыңды қайдан түсінер егер айтпасаң.Асыл алашың халықтан тұрады ал халық болса сендерден үміт күтеді. Бір қызығы жоғарыда отырғандардың көбі нақтылап еш нарсе айтпайды сонысымен ұтам деп ойлайтын шығар бірақ ол бір АЛЛАҒА ған мәлім