Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттік оқушылар оң қанатта сап түзеді

KAZAKBOL.COM

№18 орта мектепте Шымкент қаласының мектептері арасында «Саптық және әндер байқауы» әскери-патриоттық сайысының ақтық кезеңі өтті.

Жарыс «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» әскери-патриоттық тәрбие бағдарламасының «Жас сарбаз: бейбіт елдің ұланымыз» аясында 200-ден астам қатысушының басын қосты. Мемлекеттік туды алып шығу және қатысушылардың баяндауы сайысқа ерекше салтанатты реңк беріп, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеудің және аға ұрпаққа құрмет көрсетудің маңызды екенін көрсетті.

Қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев құттықтау сөзінде мемлекетінің тарихын құрметтеу ғибрат аларлық іс екенін тілге тиек етіп, балаларға Отанның нағыз қорғаушысы болып өсіңдер деген тілегін айтты.

– Мұндай іс-шаралар ұжымның жұмыла жұмыс істеуіне ықпал етіп, әскерге баруды, Отанды қорғауды абыройлы міндетім дейтін жастардың бойында терең рухани сезімін оятты, – деді полковник Әбдіғабит Шегебаев.

Іс-шараның алдында ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілері оқушыларымен бірге ән, командаға бірыңғай киім түрін таңдады. Саптық командаларды орындаудың үйлесімді шығуы үшін көптеген жаттығулар орындалды. Жас әскер жасақтарын даярлаудың өзі салмақты және жауапты тәсілімен қызықты болды. Барлық командалар лайықты өнер көрсетті.

«Жас ұлан» республикалық мектебінің бастапқы әскери дайындық және технологиялар бөлімінің бастығы запастағы подполковник Андрей Лысяковтың төрағалығымен қазылар алқасы сөз сөйледі. Оған қалалық Қорғаныс істері департаментінің, білім басқармасының және ардагерлер ұйымдарының өкілдері кірді.

Командаларды даярлау бес ұпайлық меже және мынадай критерийлер бойынша, атап өтсек, баяндаудың анықтығы, киім нысаны, бұйрықты дұрыс беру, сапта жүру және қару-жарақпен саптық тәсілдерді орындау қабілеті бағаланды.
Ұйымдастырушылар байқау нәтижесі оған қатысушылардың бойында мақтаныш сезімін оятқанын атап өтті.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM