Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бекешев: «Азаттық» жабылса, барлық БАҚ жемқорлық жайында абайлап жазатын болады

KAZAKBOL.COM

Жогорку Кеңеш депутаты Дастан Бекешев мәдениет министрлігінің «Азаттықтың» қызметін жабу туралы сотқа берген арызы бойынша пікір білдірді.

Facebook парақшасына жариялаған пікірінде, егер сот «Азаттықты» жабу туралы шешім шығарса, елдегі барлық БАҚ жемқорлық тақырыбын абайлап көтеретін болады деді.

«Медиасы жеңіл жабылған жерде, бостандық пен мүлік те жеңіл тартып алынады. Оларға сөз бостандығы болмағаны тым жақсы. Олар орден, мақтау қағазы, мақтау сөздер есту үшін өмірін де беру түкке тұрмайды. Бірақ сөз бостандығына қарсы болған жерде, елде жағдай тым нашар болады. Мұндай елдер тек белгілі бір топқа ғана қызмет етеді», — деді депутат Бекешев.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) медиакорпорациясының президенті Джейми Флай Қырғызстанда сотқа Азаттықтың Қырғыз қызметі – «Азаттык Медиа» сайтын жабу туралы шағым түсірілгеніне пікір білдірген. Флай Қырғызстандағы Азаттықтың жұмыс істеуі үшін корпорация барлық заңды жолды пайдаланатынын айтқан.

«Азаттық радиосы мен оның тәуелсіз репортаждарына жалғасып жатқан заңсыз шабуылдарды мойындамаймыз. Қырғызстан билігі қандай шара қолданса да, біз қырғыз аудиториясына қызмет ете береміз» деді Флай.

Бұған дейін Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты жөніндегі министрлігі Ленин аудандық сотына Азаттықтың Қырғыз қызметі – «Азаттык Медианың» ақпарат құралы ретіндегі жұмысын тоқтату туралы шағым түсірген.

Ақпарат министрлігінің шағымында сайт қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы видеоматериалды жоймағаны, ол әлеуметтік желіде таралып жатқаны айтылады. Министрліктің пайымдауынша, талапкердің бұл әрекеті соғысты, зорлық пен қатыгездікті насихаттауға, діни және өзге ұлттарға қатысты төзімсіздікке жол жоқ екені айтылған «Бұқаралық ақпарат туралы» заңға қайшы.

Дауға былтыр Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы қақтығыс туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі әзірлеген жаңалық сюжеті себеп. Мемлекеттік орган сюжетте «қырғыз жағының Тәжікстанға «шабуылдағаны» жөнінде «тексерілмеген ақпарат бар» деген. Сайт әуелі екі айға жабылды, кейін бұл мерзім ұзартылды. Бұдан кейін редакцияның банк шоттары бұғатталған.

Азаттық бұл шешімдерге келіспейтінін мәлімдеп, талап заңсыз екенін дәлелдеумен келеді.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қырғыз қызметі Қырғызстанда ресми түрде «Азаттык Медиа» деген атаумен тіркелген. Азаттық Қырғызстандағы және дүниежүзіндегі қоғам өмірі және демократиялық құбылыстар туралы хабарларды объектив жариялап, өз материалдарын телеарна, радио, әлеуметтік медиа арқылы таратады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM