Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Беларусь министрі Украина келіссөзін Астанада өткізу ұсынысын сынады

KAZAKBOL.COM

Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина бойынша бейбіт келіссөздерді Астанада өткізу туралы ұсынысын мысқылдап, сынға алды.

Украинадағы жанжалды реттеу бойынша бейбіт келіссөздер Минскіде өтіп келген. Қаңтардың 19-ында Макей келіссөздерді жаңа орынға ауыстырғаннан өзгеріс болмайды деп мәлімдеді.

«Егер табысқа жетеді деген нық сенім болса онда Украина бойынша келіссөздерді тіпті Антарктидаға ауыстыруға болады», — деген Макей. Оның мәлімдеуінше, өзгелермен салыстырғанда Беларусь «бітімгер атағы үшін тыраштанбайды».

Мәскеудің мәлімдемесінде 2015 жылы жасалған Минск келісімдеріне бейілділік Украинадағы жанжалды реттеу жөніндегі келіссөздер орнынан маңыздырақ екені айтылған.

Минск мен Мәскеу бұл мәлімдемелерін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина жөніндегі бейбіт келіссөздердің тығырыққа тірелгенін айтып, бұл келіссөзді енді Астанада өткізуді ұсынғаннан кейін жасады. АҚШ-қа сапары барысында Назарбаев Ақ үйде президент Дональд Трамппен кездесуде Украина тақырыбын талқылағандарын, Трамп ол келіссөздерді басқа жерге ауыстыруды ұсынғаны туралы айтқан болатын.

Бұған дейін Минскіде Украинадағы жанжалды реттеуге бағытталған бейбіт келіссөздердің бірнеше кезеңі өткен. 2014 жылы көктемде Украинаның шығысында үкімет әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасында қарулы жанжал басталғалы бері 10 мыңнан аса адам құрбан болған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM