Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Беларусь телеарнасы Роман Протасевичтің «мойындау» видеосын жариялады

KAZAKBOL.COM

Беларусьтің ОНТ мемлекеттік телеарнасы бейсенбі күні кешке қамаудағы оппозициялық журналист Роман Протасевичтің видеосын жариялады.

Әңгіме барысында ол «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғанын» мойындайды. Видеоның қашан, қайда және қандай жағдайда түсірілгені белгісіз. 23 мамырда Вильнюске ұшып бара жатқан ұшақ мәжбүрлі түрде Минскіге қондырылып, салоннан ұстап әкетілген Роман Протасевич содан бері тергеу изоляторында қамауда отыр.

ОНТ телеарнасында көрсетілген сюжетте оппозициялық NEXTA телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы өзіне айып тағылғаннан кейін «рұқсат етілмеген жаппай акцияны ұйымдастырғанын» бірден мойындағанын жеткізеді.

«Арасында мен де жариялаған ұранның салдарынан көшеде тәртіпсіздіктер басталды. Минск үш күн хаоста өмір сүрді» деді оппозициялық блогер. Ол сонымен бірге белорус оппозициясының бірқатар өкілдерін «сынап», Александр Лукашенконы «қадірлейтінін» айтқан.

Роман Протасевич негізін қалаған NEXTA телеаграм-арнасы былтыр Беларусьте президент сайлауынан кейін басталған жаппай наразылықтан үздіксіз хабар таратқан. Кейінгі кезде Протасевич «Беларусь головного мозга» атты телеграм арнасын жүргізіп, Литвада тұрған.

Беларусь билігі Протасевичті терроризммен айыпталғандардың тізіміне енгізген. Минскіде оның үстінен «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» және «әлеуметтік алауыздық қоздыру» баптары бойынша іс қозғалған. Журналист сонымен бірге «мемлекеттік құпияны жайды» және «президентке тіл тигізді «деп те айыпталып отыр.

24 мамырда Беларусь телеарнасы Роман Протасевичтің видеомәлімдемесін жариялаған. Видеода ол Минскідегі тергеу изоляторында қамауда отырғанын, өзімен «дұрыс» қатынас жасап жатқанын айтады. Ол өзіне тағылған айыптар бойынша жауап беріп жатқанын да айтып өткен. Журналистің анасы Наталья Протасевич күштік құрылымдар ұлына күш қолданып, сол сөздерді айтуға мәжбүрледі деп санайды. Жақтастары да солай ойлайды. Беларусьте наразылықты басып-жаншу кезінде мыңдаған адам соққыға жығылып, азаптауға ұшырады.

Ұшақты мәжбүрлі түрде қондырып, Протасевичті ұстауды Батыс елдері өткір сынап, Минскіге жаңа санкция әзірлеп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM