Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Беларуьте әлеуметтік желіде арнайы қызметкердің өлімі туралы пікір жазған 136 адам ұсталды


Беларусьте Андрей Зельцер мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі өкілінің қайтыс болуына қатысты әлеуметтік желіде пікір жазған 136 адам ұсталды.

«Беларусьтің тергеу комитеті» деп аталатын телеграм-каналдың хабарлауынша, ұсталған 136 адамға мемлекеттік қызметкерлерді балағаттады және жеккөрушілікті қоздырды деген айып тағылған. Олардың бәрі қазір қамауда отыр.

30 қыркүйекте дәл осындай айыптаумен 50 адам ұсталған. Олардың бәрі атыс кезінде қаза тапқан 31 жастағы IT-компаниясының қызметкері Андрей Зельцер мен арнайы қызмет офицері жайлы видеоға пікір қалдырған.

Бұл видео әлеуметтік желілерде 28 қыркүйекте жарияланды. Бұл оқиғаға Беларусь билігі Зельцер құқық қорғау органдары өкілдеріне оқ атты деген болжам айтқан. Арнайы қызмет өкілдері терроризм күдігі бойынша оның пәтерін бұзып кірген.

Пікір қалдырған қолданушылардың бірқатары бұл видеоның шынайылығына күмән келтіреді. Шетелде қашып жүрген оппозиция өкілі Валерий Цепкало бұл оқиғаға Александр Лукашенко режимін айыптады. Сол үшін Цепкалоға кезекті рет қылмыстық іс қозғады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM