Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Белгілі ақын қазақша сөйлеуден бас тартқан елшіні қызметінен қууды сұрады

KAZAKBOL.COM

Алмас Хамзаев. Фото: qazaquni.kz

Астанада өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстан Республикасының Бельгия мен Люксембургтегі төтенше және өкілетті елшісі Алмас Хамзаев қазақ тілді журналистердің сұрағына мемлекеттік тілде жауап беруден бас тартқан болатын. Алайда шара аяқталғаннан соң елші өз кінәсін мойындайтынын жеткізді деп xабарлады ҚазАқпарат.

Шара барсында «Қазақстан» телеарнасының журналисі Еуразиялық экономикалық одаққа көзқарасы жайында сұраған еді. Сонымен қатар, ол елшінің бұған дейін ресми тілде айтқан ақпаратын мемлекеттік тілде қайталап беруді өтінді.

Алайда, Хамзаев «барлығына бірдей түсінікті болсын» деген желеумен ақпаратының бәрін қайтадан орыс тілінде айтып шықты. Бұдан соң, тележурналист елшіден қосымша бір-екі ауыз сөзді мемлекеттік тілде жеткізуді тағы да сұрады.

Дегенмен, Алмас мырза оны дұрыс түсінбеген болуы керек. «Біз бұл жерде менің қазақ тілін білу деңгейімді тексеру үшін жиналмаған шығармыз», — деді. Содан соң ол қажет болса, мемлекеттік тілде бөлек сұxбат беруге дайын екенін де айтып қалған.

Осы орайда, аталмыш ақпаратты естіген танымал ақын Қазыбек Иса «Қазақ үні» басылымына өзінің ойын жеткізіп, үндеу жариялаған.

«Мен «Миымды ауыстырмасаңдар қазақ тілін үйрене алмаймын» деген министрі бар елдің азаматы болуға шыдаған ақын едім. Енді қазақ тілінде — мемлекеттік тілде сөйлеуден бас тартқан елшісі бар елдің азаматы болуға амал жоқ шыдап отырмын!

Мен тәуелсіз қазақ елінің еркін ақыны ретінде, «Қазақ үні» ұлттық порталының  басшысы, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары ретінде парламенттегі біздің депутаттардан мемлекеттік тілімізді – мемлекеттік мүддемізді таптаған мынадай елшіні орнынан кетіруге үн қосуын қалаймын», — деп жазды ол.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM