Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Белсенді Нұржан Әлтаев «пара алды» деген айыпты жоққа шығарды

KAZAKBOL.COM

El Tiregi оппозициялық қозғалысы Facebook’тегі парағында басшысы Нұржан Әлтаевтың үндеуін жариялады. Қозғалыс басшысы қаржы полициясының айыптауымен екі айға қамалған.

Тергеу изоляторында жазылған делінетін үндеуде Әлтаев үстінен қозғалған қылмыстық іспен танысқанын, тағылған айыптарды «ақылға қонымсыз» деп есептейтінін жазған.

«Бұдан асқан ессіздік жоқ шығар. Қазақстанда үлкен ықпалға ие болған Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың «оң қолы» саналатын Абылай Мырзахметов ең әлсіз мекеме — еңбек министрінің орынбасарына ақша төледі дегенге сенуге бола ма? Мені Назарбаев пен Құлыбаевтың қамқоршысы болған деп жазбағанына шүкір» деп мәлімдеген Нұржан Әлтаев.

Үндеу авторы үстінен қозғалған қылмыстық істі кейінгі уақытта билікті жиі сынағанымен байналыстырып, істің саяси астары барын жазды.

«Басқаша ойлайтындарға, сөз еркіндігі мен либералдық құндылықтарға қарсы жүріп жатқан қудалау саясаты» деп есептейді Әлтаев.

Маусым айының басында жемқорлықпен күрес жөніндегі қызмет бұрынғы депутат, қазіргі белсенді Нұржан Әлтаевты аса ірі көлемде пара алды деген айыппен ұстады. Екі күннен соң Астана соты оның екі ай қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM