Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Белсенділер «әуежайды басып алмақ болды» деп күдікке ілінген Әйгерім Тілеужанды босатуды талап етті

KAZAKBOL.COM

Бір топ белсенді мен журналист Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған белсенді Әйгерім Тілеужанды босатуды талап етіп, жиын өткізді. Адвокат Айнара Айдарханова қорғауындағы Тілеужанға тағылған айыпты оның саяси белсенділігімен байланыстырды.

Қаңтар оқиғасы кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері келеді дегенді естіп, әуежайға барған азаматтық белсенді, журналист Әйгерім Тілеужан бір жарым айдан бері үйқамақта отыр. Ол әуелі куәгер ретінде тергелген еді, ал қазан айының аяғында оған «40-тан астам адамды бастап, Алматы әуежайын басып алмақшы болды» деген күдікке ілінді.

Адвокаты мұндай айыптың тағылуын Тілеужанның белсенділімен байланыстырды.

— Оған жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдік келтіру – заңсыз. Ол елде не болып жатқанын 5 қаңтарда ғана білді. Өйткені елде оқиға басталмай тұрып, 3 қаңтарда түрмеге қамалды (3 қаңтарда Тілеужан Алматыда диссидент Арон Атабектің қырқынан шығып келе жатқанда ұсталып, қамалған, кейін оны босатып жіберген — Ред.). Кейін елге ҰҚШҰ әскері кіреді дегенді естіп, ақпараттың рас-өтірігін анықтауға әуежайға барған. Онда ешкім жауап бермеген соң, 20 минуттан кейін кетіп қалған. Кейінгі кезде Әйгерім өзінің партиясын құрып, парламент сайлауына қатысатынын айтып жүрді. Оған осы белсенділігі үшін, оны сайлаудан шеттету үшін осындай айып тағылып отыр, — деді адвокат Айнара Айдарханова.

Елде кейінгі кезде журналистерге қысым күшейгенін айтқан журналист Динара Егеубаева Тілеужанның ісін биліктің тәуелсіз журналистерге доқ көрсетуі деп есептейді.

– Демократиялық даму жолымен келе жатқан елге бірінші кезекте еркін медиа қажет. Бірақ Әйгерім Тілеужанның, Михаил Козачковтың жағдайын есепке алсақ, қорқыныш туғызады. Журналистерді қамау, оларға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағу – жаман белгі, – деді журналист Динара Егеубаева.

Ведомствоаралық жедел тергеу тобының қаулысында «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының тұрғыны Тілеужанова 5 қаңтарда Алматы халықаралық әуежайында тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, атап айтқанда оған қатысушыларға басшылық жасады, ҰҚШҰ әскері бар ұшаққа және оның ұшып-қонуына кедергі келтірмекші болғаны анықталды» деп жазылған.

«Әуежайды басып алмақ болды» деген күдікке ілінгендердің тағы бірі – тарих пәнінің мұғалімі Қалас Нұрпейісов. Тілеужан да, Нұрпейісов те сол күні әуежайға барғанын мойындайды, бірақ тергеу таққан айыптарды жоққа шығарады.

  • 2 қаңтарда Жаңаөзенде сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы халық наразылыққа шыққан. Елдің басқа аймақтарында да Жаңаөзенді қолдаған бейбіт митингілер өткен. Кейін наразылыққа қарулы топтар (кей сарапшылар кландар арасындағы қақтығыс деп атайды) араласып, соңы тәртіпсіздікке ұласты. Тәртіпсіздіктен кемі 238 адам қаза тапты.
  • Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайының басып алынғаны да хабарланды. Куәгерлердің айтуынша, 5 қаңтарда таңертең әуежайды әскерилердің мықты күзеті тұрғаны байқалса, түстен кейін әскерилер аяқ астынан бірі қалмай кетіп қалған. Жолаушыларды әуежай қызметкерлерінің өздері эвакуациялауына тура келген. 6 қаңтарға қараған түні әуежайдың «бүлікшілерден тазартылғаны» айтылды.
  • Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қаңтардағы мәлімдемесінде «террорист бандалар ірі инфрақұрылымдарды, Алматыдағы әуежай мен ондағы бес ұшақты тартып алғанын» айтқан еді. Тоқаев осы мәлімдемесінде «экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарып келген қауіпсіздік кеңесі төрағалығын қолына алғанын, террористік қауіптің алдын алу үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) көмек сұрағанын» хабарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM