Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бердібек Сапарбаев жалғызбасты ананы бір күнде жаңа пəтерге көшірді (фото)

KAZAKBOL.COM

13 жастағы мүгедек бала тəрбиелеп отырған ананың тілегі орындалды. Бердібек Сапарбаев жалғызбасты ананы бір күнде жаңа пəтерге көшірді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде облыс əкімінің есебіне барып, көмек сұраған жалғызбасты ана жаңа пəтерге көшірілді.

Фото: NUR.KZ

«Көшетінімді  кеше естідім. Сене алған жоқпын. Əкімдік көлік жіберіп, көшіріп əкелді. Асханасы бөлек, ішінде дəретханасы бар. Бұдан артық не керек?! Тек жылы су жоқ. Оны да қондырып береміз деп жатыр. Мұқтаж жандардың сөзін ести алатын Бердібектей ағаларымыздың  берекесі еселенсін», — дейді Гүлмира.

Фото: NUR.KZ

Гүлмира Есбергенова əкімнің алдында жалғыз қызының жағдайын айтып жылаған болатын. Жағдайын көру үшін облыс əкімін үйіне шақырды. Əкім аядай бөлмеде қиын жағдайда тұрып жатқан жалғызбасты ананы бір күнде жаңа пәтерге көшірді.

Фото: NUR.KZ

Бүгін жаңа үйге көшіп жатқан Гүлмираның сыйлық қабылдаудан қолы босамай жүр. Қуанышында шек жоқ. Қала əкімінің орынбасары Лəззат Аманжолқызы жаңа жуыну ваннасын алуға көмектескен.

Фото: NUR.KZ

«Иесіз тұрған үйді тауып, жөндеу жұмыстарын жасадық. Жетіспеген заттарды əлі де əкеліп беретін боламыз. Осы жатақхананың жоғарғы қабатына тағы бір төрт балалы отбасын көшіріп əкелдік», — дейді Лəззат Оразбаева.

Гүлмира Есбергенованың баласының еміне көмектесу үшін мына нөмірге хабарласа аласыздар: 8701 424 68 50

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM