Берлинде көлік жүргізуші бір топ адамды басып өтті, бір адам қаза болып, сегізі жараланды деп мәлімдейді RBB радио станциясы. Оқиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.
Оқиға Берлиннің батысындағы Шарлоттенбург ауданы, Ранкештрасс көшесінде болған. Көлік дүкен сөресін басып өткен.
Әртүрлі мәліметтер бойынша 8-ден 30 адамға дейін жараланған. Арасында ауыр жарақат алғандар бар.
Берлин полициясы бұл оқиғаны алдын ала ойластырылғанын жоққа шығармайды. Күдікті ұсталған.
2016 жылы дәл осы көшеде теракт болған. Жүк көлігін жүргізуші Жаңа жыл алдындағы жәрмеңке кезінде адамдарды басып өткен. Кемінде 12 адам қайтыс болып, 50-ден астам адам жараланған.
KAZAKBOL.COM