Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Берлинде наразылық акциясына қатысқан тәжік белсендісіне қылмыстық іс қозғалды

KAZAKBOL.COM

Таулы Бадахшан автоном облысында 13 жылға сотталған азаматтық белсенді Рамзи Вазирбековтің бауыры Сино Вазирбековке қылмыстық іс қозғалды. Ол Берлинде оппозиция тараптың митингісіне қатысқаны үшін экстремизм бойынша айыпталды.

Сино Вазирбеков Озоди радиосына Берлиндегі наразылық акциясына қатысқанын растады. Бірақ ол ешбір саяси ұйымға мүше емес екенін мәлімдеді.

25 наурызда тәжік оппозиционерлері Бундестаг ғимаратының алдында митинг өткізген. Қатысушылардың арасында 30-ға жуық таулы бадахшандық азамат болды. Наразы топ Германия және Еуропа үкіметін Эмомали Рахмонды қабылдамауға шақырған.

«Биліктен Бадахшандағы шектен шығуды тоқтатуды талап етем. Мені қылмыскерлердің қатарына қосып қоятын шығар деп ойлағам. Бірақ өзімді қылмыскер деп есептемеймін. Керісінше, зорлық-зомбылыққа қарсы шығу менің міндетім», — деді Сино Вазирбеков.

Вазирбеков соңғы жарты жылдан бері Еуропа елдерінің бірінде тұрады әрі сол елден саяси баспана сұрап жүрген.

Азаматтық белсенділер Ораз Вазирбеков пен Рамзи Вазирбеков Ресейде жұмыс істеген. Олар 2022 жылдың маусым айында Екатеринбургтан ұшып келгеннен кейін Мәскеудегі Домодедово әуежайында жоғалып кеткен. Көп өтпей олар «өз еркімен қайтып келіп, Таулы Бадахшандағы наразылықтарға байланысты тергеу ісіне көмектесіп жатқанын» жеткізген.

5 қрашада Ораз Вазирбеков Тәжікстан билігін күшпен құлатуға әрекет жасады деген айыппен 16 жылға, Рамзи Вазирбеков 13 жылға бас бостандығынан айырылған.

2022 жылдың мамыр айында Таулы Бадахшан автоном облысындағы ондаған адамның өмірін алған жаппай тәртіпсіздіктен кейін Тәжікстанның құқық қорғау органдары жүздеген адамды, оның ішінде жергілікті белсенділерді қамауға алған. Олардың бірқатарына үкім шығып, ұзақ мерзімге сотталған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM