Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бірқатар елдер ауған әйелдері мен қыздарын қорғау жөнінде мәлімдеме жасады


Құрама Штаттар және бірқатар елдер Ауғанстанды «Талибан» қозғалысы басып алғаннан кейін, ондағы әйелдер мен қыздардың тағдырына алаңдап мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге АҚШ-пен қатар, Австралия, Албания, Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Гватемала, Гондурас, Еуропалық одақ, Канада, Колумбия, Коста-Рика, Жаңа Зеландия, Норвегия, Парагвай, Сальвадор, Солтүстік Македония, Сенегал, Чили, Швейцария және Эквадор елдері қол қойды.

«Біз ауған әйелдері мен қыздарының тағдырына қатты алаңдаймыз. Олардың еркіндігі, білім алу және жұмыс істеу құқығы шектеледі ме деп қауіптенеміз. Біз Ауғанстанды билеп отырғандардан олардың еркіндігі мен бостандығына кепілдік беруін талап етеміз», – делінген мәлімдемеде.

1996-2001 жылдары тәліптер Ауғанстанды басқарған кезде, әйелдерге жалғыз көшеге шығуға тыйым салынған. Олардың жұмыс істеуіне, білім алуына шектеу қойылды. Әйелдерге бетін, денесін толық жауып жүретін бурка киюге міндеттеді. Бұл ережені бұзған әйелдерді өлім жазасына кесетін.

Өткен аптада БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары ауған қыз-келіншектерінің тағдырына алаңдайтынын жеткізген. Ұйым мәліметінше, елден қашуға мәжбүр болып жатқан халықтың 80 пайызы әйелдер мен балалар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM