Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бір ай бұрын сөгіс алған сауда және интеграция министрі Сұлтанов қызметтен босатылды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде тауар бағасы қымбаттап, қант тапшылығы болып жатқан тұста Бақыт Сұлтановты премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі қызметінен босатты.

14 шілдеде үкімет отырысында Тоқаев «елдегі дүкендерде болып жатқан жағдайға байланысты» Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған. Араға бір ай салып, Тоқаев Сұлтановты қызметінен алды.

Тоқаев министрлерге сөгіс жариялағанда «үкімет бағаны тұрақтандыру үшін дұрыс жұмыс істеп жатқан жоқ, азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттап кетті» деп «кейбір тауарлардың, соның ішінде қанттың дүкен сөрелерінен жоғалып кеткенін» сынға алған.

Тоқаевтың жарлығымен Серік Жұманғарин премьер-министр орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды. Ол бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды.

Қазақстан қант бойынша шетелге тәуелді. Нарықтағы қанттың 90 пайызы импортталады. Елге қанттың 70 пайызы Ресейден келеді.

Украинаға басып кірген Ресейге Батыс елдері санкция салғаннан кейін Мәскеу азық-түліктің кейбір түрін, соның ішінде қантты экспортқа шығаруды шектеген. Қазақстанның бірқатар аймағында қант бағасы күрт өсіп, сауда орындары тұтынушыға қантты шектеп сата бастаған. Қазақстан кондитерлері шикізат бағасы өсіп кеткендіктен тығырыққа тірелгенін айтып шағынған.

26 шілдеде өткен брифингте журналистер Бақыт Сұлтановтан «соңғы рет қашан қант сатып алғанын» сұрағанда ол «қантпен шай ішпейтінін, шайды балмен ішетінін» айтқан. Оның бұл сөзі желіде қызу талқыланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM