Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БІР ТОП КӘСІПКЕР АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНДЫ

KAZAKBOL.COM

Адамнан айла артылған ба? Енді, алаяқтар Дубайда отырып алып, ақша істейтін болған. Мәселен, еліміздің бір топ кәсіпкерін шетелдегі азамат арзан бағамен ауыр техника жеткізіп беремін деп алдап, тақырға отырғызып кеткен. Шығын көлемі де аз емес, шамамен 100 млн теңге. Бар жиған-тергенін айлакердің есеп-шотына аударғандар бір жылдан бері әділдік іздеп келеді. Ал, жалған кәсіпкер интернеттегі жарнамасы арқылы жаңа жемтігін іздеп жатыр екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Такой «Хитачи» есть 210 колесный. В идеальном состоянии».

Бұл видео Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында түсірілген. Сол жақтағы компаниялардың бірінде жұмыс істейтін отандасымыз еліміздің бір топ кәсіпкерлеріне, нарықтағы бағадан бірнеше есе төмен құрылысқа қажетті техникаларды жеткізіп беруге уәде еткен. Арзан бағаға қызыққан азаматтар қолындағы бар жиған-терген қаржысын алаяққа санап беріпті. Арада бір жылға жуық уақыт өтсе де, уәде етілген техника да, қаржы да жоқ.

ДҮЙСЕХАН СЕРМЕКБАЕВА, ЗАРДАП ШЕГУШІ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Договор жасайды, купля-продажа барлығы біздің қолымызда бар, сол арқылы біз 9 млн ақшамызды каким-то образом ол баланың өзінің счетына емес.. Ол бізге түсіндіргенде айтты: сіздерде шекарадан өткізген кезде проблема болады сол себепті сіздер менің анамның счетына аударысыздар деді. Біз оған көніп, келісіп, анасы осы Астана қаласында тұрады. Сол кісінің счетына жеке өз басым, жолдасым 9 млн ақшаны аударып жібердік».

Шетелде тұратын азамат еліміздегі танымал көлік саудалайтын интернет сайттарының бірінде өзінің хабарландыруын іліп қойған. Дәл осы тектес экскаватор, трактор сынды техникаларды төмен бағада сатылатынын, көлік саны шектеулі екенін жазыпты. Қармаққа түскен клиенттерін алаяқ қаржыны елордада тұратын анасының есеп-шотына аударуын өтінген. Ал, қажетті соманы алған соң әккі айлакер кәсіпкерлерді «ертеңмен» тойдырып келген көрінеді.

КҮЛЗИЛӘ КҮШБАЕВА, ЗАРДАП ШЕГУШІ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Ол айтқан 13 қаңтарға дейін тезірек келіп алсаңыздар арзандау болады, ал кейін қымбаттайды деп. Содан кейін менің жолдасым билет алып 4 адам ұшып кетіп, алып барған 18 мың 500 долларды сонда берген. Ал, қалған ақшаны мен салып жібердім. Шешесінің карточкасы Алла Владимировна Гришинаның счетына қалған ақшаны салып жібердім. Сонда общий мен 50 мың доллар салып тұрмын».

Тіпті, Дубайда кәсібін дөңгелетіп отырған айлакердің бұрын да істі болғаны анықталыпты. Бұған дейін жеңіл көлік тасымалдаумен айналысқан «жалған кәсіпкер» 56 адамды тақырға отырғызып, 6 жылға темір торға қамалған көрінеді. Оны зардап шеккендердің өздері айтып отыр.

КҮЛЗИЛӘ КҮШБАЕВА, ЗАРДАП ШЕГУШІ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Бір ай тостық. Бір ай келмегеннен кейін, интернеттен ашып қарасақ, оказывается Гришин Денис 2010 жылы Сарыаркинский районный судпенен 6 жылға сотталған екен. Бұрынғы ісін қарасақ, 56 адамды алдап кеткен. 56 адамның ущерб тоже миллионами. Біреуден 2 млн, біреуден 3 млн алған. Ол кезде легковушкалармен заниматься еткен».

Дәл осы сәтте зардап шеккен азаматтың бірі көшеде кетіп бара жатқан алаяқтың анасын көріп қалып, әңгімеге тартқанда қорыққан келіншек алды-артына қарамай қашып кетті. Ал, ашынған кәсіпкерлер «өз қаржысын» қайтару мақсатында әйелді қуа жөнелді. Абыр-сабырда бір келіншекті көлік қағып, Алматыдан келген әйел жарақат алды.

«Машина меня чуть не сбила. Меня тоже. Никуда ты не пойдешь. Вы деньги отдавать собираетесь? Подождите суд принимает решение. Мои деньги дай.
— У меня нет денег.
— Звоните сыну. Пусть он отдает».

Бір жылдан бері өз қаржысын қайтара алмай жүрген кәсіпкерлер «алаяқтың» анасын ұстап алып, жақын маңдағы полиция учаскесіне алып келді. Ол жерден арнайы патруль көлігі қос тарапты Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізді. Ал, тұрғындардың 100 млн-ға жуық теңгесіне техника алып берем деп ізім ғайым жоқ болған кәсіпкер мәселе 2-3 айда шешіледі деп отыр.

ГРАФИКА
«Құрметті сатып алушылар! Біздің компания сіздер тапсырыс берген техниканы орын алған қиындықтарға байланысты жеткізіп бере алмайды. Олқылықтар үшін кешірім өтінеміз!. Аударылған қаржы келісім-шарт негізінде бөлік-бөлікпен 3 ай мерзімде толық қайтарылады».
ДУБАЙДАҒЫ КӘСІПКЕР ДЕНИС ГРИШИННІҢ БІЗДІҢ ТІЛШІЛЕРГЕ БЕРГЕН ЖАЗБАША ЖАУАБЫНАН

АЛЛА , ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Ұлымның кінәлі екенін білемін. Оны жасырмаймын. Оған қанша айттым адамдардың ақшасын қайтар деп. Енді, мен не істей аламын? Ол шетелге жұмыс істеуге кеткен. Сол себепті, ұлыммен араласпай да қойдым. Мен тыныш өмір сүруді қалаймын. Адамдар ақшаларын қайтаруын талап етіп, үйімнің алдында аңдуды шығарды. Қауіпсіздігіме алаңдаймын».

Зардап шеккен азаматтардың саны қазір 15 адамға жеткен. Шығын көлемі шамамен 100 млн теңге. Бұл бүгінгі есеп бойынша. Шетелдегі кәсіпкердің арбауына түскендердің қарасы көп болуы мүмкін. Себебі, еліміздің түкпір-түкпірінен дәл осы тектес шағыммен, алданғандарға хабарласып жатқандардың қарасы қалың екен.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM