Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бірнеше облыста кәсіпкерлер нанды тегін таратып жатыр

KAZAKBOL.COM

Еліміздің дүкендерінде тұрмысы нашар отбасыларға азық-түлікті тегін беру үрдісі жолға қойылып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Дағдарысқа дейін нанның өзін ақысын төлемей алу таңсық болса, қазір ақшасы жоқтар жұмыртқа мен көкөністерді де тегін әкете алады.

Фәнуза Шәкірқызы күнара келетін дүкенде зейнеткерлер үшін нан тегін. Кәсіпкердің айтуынша, күніне 15 бөлке қарияларға таратылады. Павлодарда әзірге мұндай екі-ақ дүкен бар. Сатушылар алдына келген азаматтың жағдайын растайтын құжат та сұрамайды.

«Осындай қиын кезде өз тарапымыздан әрбір зейнеткерге бір бөлке нанды көмек болсын деп күнде таратамыз», — дейді дүкен иесі Гүлсара Мәкенова.

Көкшетауда да көпбалалы аналар мен зейнеткерлерге әр жұма сайын 1 бөлке нан мен 5 жұмыртқаны тегін үлестіретін дүкен бар. Мұнда зейнеткерлер тым көп келеді. Кезекке тұрып кейіс те білдіріп жатады. Әзірге саудагердің күніне 50 нан мен 250 жұмыртқа таратуға мүмкіндігі бар екен.

«Көп халыққа пайда ғой. Азды көп болсын жақсы, көмек. Бізге 100 теңге болса да көмек қой», — дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Бисара Шәріпова.

Ал Балқашта нан пісіретін комбинат өз дүкендерінде арнайы нан сөресін орнатып, «мұқтаж болсаң ал» деп жазып қойған. Дүкенге кірген қария атаулы құр шықпай қуанып жүр. Қарағандыдағы жас отбасы да әр жексенбі сайын үйіне бір топ баланы жинап ап, тамақтандыруды дәстүр етіпті.

Семейде жергілікті белсенділердің бастамасымен ірі сауда орнында «Шапағат наны» ұйымдастырылды. Аты айтып тұрғандай, жұрт ас атасын сатып алып, оны қайырымдылық жәшігіне табыстайды. Ал бас-аяғы бір сағат ішінде жиналған 70 бөлке нан жалғызбасты зейнеткерлер мен мұқтаж жандарға тегін таратылды.

Осылайша еліміздің әр аймағында мұқтаж жандарға қол ұшын берер жомарт азаматтардың қатары артып келеді. Бұл байлықтарының тасығанынан емес, қымбатшылық кесірінен айлығы шайлығына жетпей қалғандарға көмек беруге тырысқан беттері. Әзірге бір бөлке нан, 5 дана жұмыртқа мен азын-аулақ көкөністі тек шағын дүкені бар ортаңқол кәсіпкерлер ғана үлестіріп отыр. Ал пайданы күреп тауып отырған супермаркет иелерінен мұндай мәрттік байқалмайды.

 


 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM