Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бірнеше жыл Шыңжаң лагерінде болған Қытай қазағы отбасына оралды

KAZAKBOL.COM

Қытайдың Қазақстандағы елшілігі мен консулдығы алдында наразылық білдіргендердің бірі Гүлнұр Қосдәулеттің күйеуі Сәрсенбек Әкбар 8 ақпанда кешкісін Алматы облысына келді.

Шамамен үш жыл Қытай лагерінде, екі жыл үйқамақта болған азамат бірнеше жыл көрмеген отбасымен қауышты. Күйеуінің елге оралғанын Гүлнұр Қосдәулет Азаттыққа растады. Бірақ ол қысымнан қорқып, ақпарат құралдарына сұхбат беруден тартынды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Сәрсенбек Әкбардың отбасымен жылап көріскені көрінеді.

Гүлнұр Қосдәулетпен бірге Қытайдағы туысын босатуды талап етіп жүргендердің бірі Гауһар Құрманәлиеваның айтуынша, Сәрсенбек Әкбар 8 ақпанда Қорғас кеден бекеті арқылы Қазақстанға өткен. Гауһардың айтуынша, бұл іске Қазақстан сыртқы істер министрлігінің Үрімжідегі өкілдігі араласқан.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі әзірге бұл ақпаратқа қатысты комментарий берген жоқ.

Гүлнұр Қосдәулет ұзақ уақыт Шыңжаңда қалған күйеуін қайтаруды талап етіп, Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында өзге азаматтармен бірге наразылыққа шыққан. Кейде консулдық алдына мүгедек арбасына таңылған кәрі енесін де бірге алып барып жүрді. Қытайдың да, Қазақстанның да билік орындарына бірнеше рет арызданған.

Туыстарының айтуынша, Сәрсенбек Әкбар 2017-2020 жылдары Шыңжаңдағы «саяси лагерьде» отырған. Кейін босап, үйқамаққа шығарылған.

Қытайда «саяси лагерьде» қамауда отырғандардың кейбірі бұған дейін де босап, Қазақстанға келген. Бірақ олардың өзі де, туыстары да қысымнан қорқып, ақпарат құралдарына сұхбат беруден бас тартып келеді. Туыстарының айтуынша, Қытай билігі әдетте оларды «Қазақстанда олардың бостандығын талап етіп жүрген» туыстарына «қарсы қойып», «әбден қорқытып тастайды».

  • Қытайдың Шыңжаң өлкесінде байырғы кезден бері тұратын қазақ, ұйғыр, қырғыз және өзге мұсылман ұлт өкілдерінің «саяси лагерьлерге» жаппай қамалғанын халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары мен әлемдік баспасөз жиі жазып келеді.
  • БҰҰ есебінше, Қытай билігі Шыңжаңда 2017 жылдан бері лагерьлер ашып, бір миллион ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды қамаған. Оларға Қытай заңдары мен коммунистік партияны дәріптейтін өлеңдерді жаттатқызып, қытай тілін оқытқан.
  • Зерттеушілер Пекин Шыңжаңдағы халық санын азайту үшін әйелдерді стерилизациялап, түсік жасатқанын мәлімдеген. Лагерьден шыққан әйелдер ол жерде сақшылар зорлағанын, ал ер адамдар қамауда азапталғанын айтқан. Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаңдағы мұсылмандарға «геноцид« жасады деп айыптады.
  • Саяси лагерьлерді «кәсіпке баулу орталығы» деп, ал Шыңжаңда жүргізіп отырған саясатын «экстремизммен күрес» деп атайтын Қытай билігі әлгіндей айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарғысы келеді. Батыс елдері мен БҰҰ өкілдерін Шыңжаңға кіргізуден бас тартқан Пекин мемлекеттік ақпарат құралдарынан Шыңжаңдағы «бақытты өмірді» көрсетуге тырысады.
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM