Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БИШІ ҒАЛАМШАР

KAZAKBOL.COM

Париж Операсы, Ковент-Гарден Корольдік театры мен Ресей Үлкен театрының жұлдыздары Алматыға келеді!

Наурыздың 27, 28 және 29-ы күндері Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрында Мариус Петиптің туғанына 200-жыл толуына арналған II Ballet Globe халықаралық фестивалі өтеді.

«Екінші Ballet Globe фестивалін әйгілі француз және ресей әртісі, кемеңгер хореограф, классикалық бидің негізін қалаушылардың бірі, дарынды театр қайраткері және ұстаз Мариус Иванович Петиптің мұрасына арнағалы отырмыз. Үш күн бойы Алматыдағы фестивальде планетамыздың жетекші театрларының атынан әлемдік балеттің жарқын жұлдыздары өнер көрсетеді: Париж-Опера, Ковент-Гарден, Ресей Үлкен театры, Бордо Үлкен театры, Женева Үлкен театры. Биыл біз фестиваль бағдарламасы ауқымын кеңейттік. Соған сай, гала-кеш аясында классикалық би жауһарларымен бірге қазіргі заманғы хореографиядан нөмірлер көрсетеміз. Олардың ішінде тіптен нағыз әлемдік премьера болады»,- деді ArtClassic компаниясының бас директоры Ерлан Андағұлов.

Наурыздың 27-де Алматы тұрғындары мен қонақтары П.И.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» спектаклін тамашалай алады. Мариус Петиптің хореографиясымен, Париж операсының этуалдары Мириам Олд-Брам мен Матиас Эйманның, Абай атындағы ҚМАОБТ-ның балет труппасы мен симфониялық оркестрінің қатысуымен орындалады.

Наурыздың 28-де қала тұрғындары Мариус Петиптің ең танымал және тамаша балетінің бірі «Баядерка» туындысын тамашалай алады. Шара Ресей Үлкен театрының жетекші солисі Екатерина Крысанова мен Игорь Цвирко, Ковент-Гарден Корольдік театрының шақырылған прима-балеринасы Яна Саленко, Абай атындағы ҚМАОБТ-ның балет труппасы мен симфониялық оркестрінің қатысуымен өтеді. Спектакльдің бас демеушісі – “Damiani” зергерлік үйі.

Фестивальдің соңғы күні, наурыздың 29-да Абай атындағы ҚМАОБТ сахнасында классикалық және заманауи балет тоғысады. Ballet Globe Gala фестивалінде «Париж-Опера» этуалдары Мириам Олд-Брам мен Матиас Эйман, Ресей Үлкен театрының прима-балеринасы мен жетекші солисі Екатерина Крысанова мен Игорь Цвирко, «Ковент-Гарден» Корольдік театрының шақырылған прима-балеринасы Яна Саленко, Бордо Үлкен театрының этуалдары Сара Ренда мен Роман Михалев, Женева Үлкен театрының жетекші солистері Саша Рива мен Юми Айзава, Абай атындағы ҚМАОБТ –ның жетекші солистері Абай Азамат пен Әсел Асқарова және «Астана Опера» театрының жетекші солистері Бахтияр Адамжан мен Мадина Басбаева өнер көрсетеді.

Фестиваль аясында күн сайын сағат 18.00-де театр фойесінің екінші қабатында LEVITATION заманауи өнер көрмесі жұмыс істейді. Ол  Artios Art Advisory*-мен бірлесе ұйымдастырылған.

Фестивальді ArtClassic компаниясы Алматы қаласындағы Франция консулдығымен бірлесе ұйымдастырған.

*Фестиваль кезіндегі шараларға арналған билет көрмені аралауға құқық береді. Билеттерді ticketon.kz сайты мен театр кассаларынан алуға болады

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM