Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Бішкек соты ІІМ-ді Азаттық шотын бұғаттауға негіз болған іс мәліметтерін көрсетуге міндеттеді

KAZAKBOL.COM

Бішкек қаласы 1-май аудандық соты Ішкі істер министрлігін «Азаттық Медианың» банк шотын бұғаттауға негіз болған қылмыстық іс туралы мәліметті көрсетуге міндетті.

Соттың 21 ақпандағы отырысында судья Тілек Тұрдұкұлов осындай шешім қабылдады. Іс туралы мәлімет тапсырудан бас тартқан тергеуші Ұлан Жәпеков әрекеті заңсыз екені айтылды. Азаттық адвокаттарына іс материалдарымен танысуға рұқсат берілді.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің «ДемирБанктегі» шоты бұғатталғаны 2022 жылғы 31 қазанда мәлім болды. 15 қарашада Қаржы полициясы Азаттықтың бұғаттау себебін түсіндіру туралы хатына жауап берді. Онда банк шотын бұғаттауға «Қырғыз Республикасы» ұлттық қауіпсіздік жөніндегі органының хаты» негіз болғаны айтылған.

Былтырғы желтоқсанда қаржы полициясы Азаттық «қылмыстан түскен қаражатты заңдастыруға» қатысты күдікті тізімінен сызылғанын жариялады.

Дегенмен Азаттықтың банк есептері әлі бұғаттан босаған жоқ. Өйткені ІІМ қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіп жатыр деп айтылған. Іс материалдары Азаттыққа көрсетілген жоқ, істегі медиа мәртебесі де белгісіз. Мекеме адвокаттары ІІМ тергеушісі Ұлан Жәпековке бірнеше мәрте өтініш жасаған, алайда ол «құпия мөрі» басылғанын сылтауратып, іске қатысты мәлімет бермеген. Соған байланысты адвокаттар сотқа жүгініп, тергеуші әрекетін заңсыз деп тануды сұраған.

Жуырда Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты жөніндегі министрлігі сотқа Азаттықтың Қырғыз қызметі – «Азаттық Медианың» ақпарат құралы ретіндегі жұмысын тоқтату туралы шағым түсірген.

Ақпарат министрлігінің шағымында сайт қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы видеоматериалды жоймағаны, ол әлеуметтік желіде таралып жатқаны айтылады. Министрліктің пайымдауынша, жауапкердің бұл әрекеті соғысты, зорлық пен қатыгездікті насихаттауға, діни және өзге ұлттарға қатысты төзімсіздікке жол жоқ екені айтылған «Бұқаралық ақпарат туралы» заңға қайшы.

Дауға былтыр Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы қақтығыс туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі әзірлеген жаңалық сюжеті себеп екені айтылады. Мемлекеттік орган сюжетте «қырғыз жағының Тәжікстанға «шабуылдағаны» жөнінде «тексерілмеген ақпарат бар» деген. Былтыр қазанда сайт әуелі екі айға жабылды, кейін бұл мерзім ұзартылды. Бұдан кейін редакцияның банк шоттары бұғатталған.

Азаттық бұл шешімдерге келіспейтінін мәлімдеп, талап заңсыз екенін дәлелдеумен келеді.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қырғыз қызметі Қырғызстанда ресми түрде «Азаттық Медиа» деген атаумен тіркелген. Азаттық Қырғызстандағы және дүниежүзіндегі қоғам өмірі және демократиялық құбылыстар туралы хабарларды объектив жариялап, өз материалдарын телеарна, радио, әлеуметтік медиа арқылы таратады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM