Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тұңғышбай Жаманқұловтың сот отырысы алдында жүрек талмасы ұстады

KAZAKBOL.COM

Тұңғышбай Жаманқұлов. Фото интернет желісінен

Бүгін белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты ашық сот отырысы болуы тиіс болған. Бірақ актердің жүрек талмасы ұстап, жедел жәрдеммен кардиология бөліміне алып кетті. Бұл туралы Facebook парақшасында журналист, театртанушы Сәуле Әбділаханқызы жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Бүгін Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты сот процесі жалғасуы керек еді… Жаңарақта «ағайды жедел жәрдеммен кардиология бөліміне алып кетті, жағдайы күрт төмендеп кетті…» деген хабар жетті. Сот процесі болмайтын шығар деп, жұмысқа қайттым… Бұл бір сұмдық болды ғой…

Артының қайырын берсін!  Республикада 50-ден астам театр бар, демек, ағайдың мыңдаған әріптестері бар деген сөз… Бірақ бәрі тым-тырыс сияқты…Тірімісіңдер?..»,- деп жазған журналист парақшасында.

Естеріңізге салсақ, Тұңғышбай Жаманқұловқа «Феникс» фильміне бөлінген 79 миллион теңгенің 69 миллионын жымқырды деген айып тағылған.

Актер өзінің қаржыны алғанын мойындаған болатын. Жаманқұловтың өзі қазір кепілақымен бостандықта жүр. Ал бұл іске қатысы бар деген атышулы режиссер Талғат Жаныбеков екі айдан бері қамауда отыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM